23 сәуір күні Астана қаласы бойынша жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Елбасы кітапханасының қызметкерлері де қолдарына тазарту құрал- жабдықтарын алып, жалпыхалықтық сенбілікке шықты. Бекітілген аумақтарын тазалап, «Назарбаев орталығы» ғимараты маңайындағы ағаш түптерін қопсытты. Елбасының кітапханасы 2015 жылғы «Жасыл ел» акциясын ұйымдастырды. Сол кезде отырғызылған 500-ге жуық ағаш көшеттері биыл бүршік жарды. Ағаштардың айналасы қопсытылып, гүлзарлар қоқыстардан тазартылды. 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында экологиялық айлық аясында ұйымдастырылған Сенбілік өз жалғасын табады.






