Елбасы кітапханасының қызметкерлері жыл бойы мұқтаж жандарға қол ұшын созып, ізгілікке толы бастамаларға мұрындық болды. Әжесі Рыскүл Өтегеновамен тұратын Нұрлыбек, Диана және Бекзат Келісбековтерге қамқорлық көрсетілді
Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киімдер сатып алынды. Оларға ниет білдірген Кітапхана қызметкерлері азық-түлікпен қолғабыс етті.
Мейірімділік нұры Жаңа жыл қарсаңында себілді. Рухани орда ұжымы қамқорлыққа алған отбасының жағдайын біліп, тарту-таралғыны үлестірді. Кітапхана қызметкерлері балаларды және олардың әжесін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және алдағы Жаңа жылмен құттықтады. Оларға жаңажылдық сыйлықтар тарту етіліп, қаржылай көмек көрсетілді.
Мейірім шуағына бөленген отбасы мүшелері өздерінің алғыстарын білдірді.



