Елбасы кітапханасының қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің Балалар үйіне барды

Шараны «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымы «Нұр Отанның» «Бақытты балалық шақ» жобасына қолдау ретінде ұйымдастырды. Партия мүшелері осы тектес іс-шаралар арқылы жетім балалар мәселелеріне жұртшылық назарын аударуды көздеп отыр.

0U3A7152

Елбасы кітапханасы «Бар жақсылық – балаларға» акциясы аясында балалар үйі тәрбиеленушілерімен алдағы уақытта да байланысты үзбеуге мүдделі. Мекеме тек материалдық көмек ұсынуды емес, олардың рухани-мәдени тәрбиесі мен дамуына ықпалдасуды жұмыс жоспарына енгізді.

0U3A7147

Іс-шараның мән-маңызы туралы пікір білдірген «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының хатшысы Құралай Шайкенова былай деді: «Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының өзегі қоғамдық келісім, ізгілікке үндеу екені белгілі. Біз осынау қадамымызбен қоғамда рухани құндылықтар бағалана түсуіне үн қосқымыз келді».

Сондай-ақ келушілер Балалар үйінің жай-күйімен танысты. Тәрбиеленушілермен ресми жүздесуден бөлек пікірлесіп, әңгіме дүкен құрды. Уақыт өткен сайын балалар үйі тұрғындарының саны азайып келе жатқаны айтылды.

Кітапхана қызметкерлері балалар үйіне спорттық киімдер, спорттық ойындар қажеттіліктері мен Елбасы туралы кітаптар сыйға тартты.

0U3A7193