Елбасының кітапханасында қорды толықтыру жұмыстары жалғасуда.
Көктемгі жаңа толықтыруларды Мемлекет басшысына шет елдерінің қоғамдақ және саяси қайраткерлерінің, делегация жетекшілерінің, сондай-ақ біздің отандастарымыздың сыйға тартқан кітаптары қамтиды.

Сыйлыққа алынған шығарма авторлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері: А.Алтай, О.Оралбаев, С.Әуелбаева, З.Құламанова, О.Айтбаева, Г.Даутова, Б.Габдуллин, М.Сарсеке, Т.Мансұров, А.Лиханов, Н.Азаров, П. Мақсатова.
Елбасына арналған тарту жазулары бар кітаптар: «Сират» (А.Алтай), «Қағбаның қарлығаштары» (О.Оралбаев), «Өзіңе сенем» (П.Махсатова), «Еврейлер туралы Еврейлер тағылымы» (Н.Иманкул), «Семей қасіреті» (М.Сарсеке).
Кітапхананың қорын толықтырған авторлар қатарында қазақстандық, америкалық, француздық, израильдік, түріктің және ресейлік жазушылар бар.
Кітапхананың жаңа кітап тізіміне қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және көркем әдебиет басылымдары енген.

Балалар мен жасөспірімдер басылымдарының ішінде ағылшын тіліндегі қазақстандық оқырмандарға кеңінен танымал "Менің атым Қожа" кітабы бар.
Катрин Фитцпатрик пен Марина Карцеваның АҚШ-та аударған бұл кітабы қазақ ПЕН-клубының бастамасымен жүзеге асырылған.