ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ…» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі...» халықаралық шығармашылық байқауының қорытындысы шықты. Сайыс ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Халықаралық Түркі академиясы, М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы.

Жыл сайынғы шығармашылық дода ата-бабадан қалған мирасты, дәстүрімізді сақтауға және жас ұрпақты Елбасының «Мәңгілік ел» патриоттық идеясының негізіне құрылған адамгершілік қасиеттермен байытуға бағытталған. Атап өту керек, байқау 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы кезеңде оған республиканың жалпы білім беретін мектептерінің үш мыңнан астам оқушысы қатысты.

Ал, 2020 жылы конкурс халықаралық деңгейге көтерілді. Онлайн-форматта өткен байқау Қазақстанның барлық өңірлерін, сондай-ақ, Қытай, Ресей, Татарстан және Украина елдерінен 300-ден астам орындаушы қамтыды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығын зерттеу және насихаттау, сонымен қатар, сүйікті әндерін талқылау арқылы байқаудың өңі кірді. Сайыс өтінімдерінің ішінде Елбасының өлеңдеріне жазылған және оның Отанға, халыққа, ел тарихы мен дәстүріне деген құрметін көрсететін әндер де бар.

Іріктеу турының қорытындысы бойынша финалға 37 үміткер өтті. Қазылар алқасы жеке орындаушылар, дуэттер мен вокалдық топтардың өнеріне куә болды.

Қазылар алқасының шешімімен екі жас санаты бойынша жеңімпаздар анықталды: 12-ден 14 жасқа дейін және 15-тен 17 жасқа дейін:

 

«Бабамнан қалған кең дала» номинациясы бойынша (Н.Ә. Назарбаевтың өлеңдерін әнге салу):

12-14 жас санатында:

3 орын – Искакова Дана, Қызылорда облысы, Арал қаласы;

2 орын – Хамзин Әділ, Нұр-Сұлтан қаласы;

1 орын – Бурбукин Ярослав, Нұр-Сұлтан қаласы.

«Елбасының сүйікті әндерінің толқынында» номинациясында (Елбасының сүйікті әндерін орындау)

12-14 жас санатында:

3 орын – Амантай Әмірхан, Ақтөбе қаласы; Нұрғали Темірлан, Алматы қаласы;

2 орын – Кенжебекова Елдана, Екібастұз қаласы; Каюсова Алиса, Шонова Алия, Алматы қаласы;

1 орын – Біржанова Аделя, Нұр-Сұлтан қаласы.

«Көзімнің қарасы, көңілімнің санасы...» номинациясын жеңіп алған –  Оралбай Сұлтанмахмұт, Нұр-Сұлтан қаласы.

15-17 жас санатында:

3 орын – Талапқан Қастер, Үржар ауданы, ШҚО, Мақаншы ауылы; Лисунова Виктория, Нұр-Сұлтан қаласы;

2 орын – Дусаева Әсел, Ақтөбе қаласы; Мақсатов Дастан, Екібастұз қаласы;

1 орын – Тәліп Ботакөз, Жетісай, Түркістан облысы.

«Қасиетті домбыра» номинациясы бойынша

12-14 жас санатында:

2 орын – «Жанат» дәстүрлі әндерді орындаушы вокал тобы, Ақтөбе қаласы;

1 орын – Омар Ерсұлтан, Нұр-Сұлтан қаласы.

15-17 жас санатында:

3 орын – Санбаев Айбар, Ақтөбе қаласы.

«Әсем әнім сырнайдай...» номинациясы бойынша

12-14 жас санатында:

2 орын – Юнусова Малика, Ресей Федерациясы, Татарстан, Қазан қаласы;

1 орын – «Ладоньки» вокал тобы, Украина Республикасы.