ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАП КОЛЛЕКЦИЯСЫ – БІРЕГЕЙ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРС      

Елбасының кітапханасы ғалымдарды, магистранттар мен докторанттарды, студенттер мен мектеп оқушыларын Кітапхананың тұрақты оқырманы болуға және кітап қорымен танысуға шақырады. Кітапхана қорында ғылым, мәдениет пен өнердің әртүрлі бағыттары бойынша еңбектер, әлемдік көркем әдебиеттің үздік туындылары сақталған.

10

Кітапхана қорында 20 мыңнан астам басылым, 1000 данадан асатын  мерзімді және электронды басылым, шетел мемлекет басшылары мен ресми өкілдердің Президент Н.Ә. Назарбаевқа сыйлаған 700 экспонаты: өнер туындылары мен тарихи раритеттер жинақталған.

Сондай-ақ, Кітапханада сирек кездесетін, коллекциялық және ертеде басылып шыққан кітаптар сақтаулы. Атап айтқанда, Елбасына Милан қаласында Амброзиан кітапханасы сыйға берген Леонардо да Винчидің эскизі бар альбомы, әлемде бар болғаны 30 ғана данасы сақталған қасиетті Құран кітабының коллекциясы, сондай-ақ қазақстандық ғарышкер Т.Мұсабаевтың ел Президентіне сыйға тартқан Құран кітабы (ғарышта болған Құран кітабы),  Ресей императоры Александр ІІ кітапханасында сақталған Ф. Шлоссердің «Всемирная история» кітабы, 1838 жылы жарық көрген Энциклопедиялық лексикон және басқалары.

0U3A8206

Кітапханада Елбасының жеке кітап қоры (үй кітапханасы) бар. Ондағы еңбектерді Н.Ә. Назарбаев 1960 жылдан бастап жинақтаған. Жеке кітап қорында көрнекті қаламгерлердің, кітап авторларының лебізі мен тілектер жазылған Мемлекет басшысына сыйлаған кітаптар да бар.

Президенттің жеке мұрағатында Қазақстан Республикасы Президентінің қызметімен байланысты 127 мың библиографиялық, шығармашылықпен байланысты материалдар мен құжаттар сақталған.

9

Оқырмандар Кітапханаға күнделікті сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін келе алады. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Еңбекшілер көшесі, 10. Кітапханаға кіру үшін жеке куәлік қажет.