2020 жылдың 2-3 қарашасында Astana IT UNIVERSITY және Қарағанды индустриялық университетінің студенттері Елбасы кітапханасы ұйымдастырған кинолекторийге қатысты.
Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалары қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Аслан Әзірбаев «Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы тарихи дереккөз ретінде кино» тақырыбындағы кинолекторийді онлайн форматта өткізді.
Жаңа білім беру форматы егеменді Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларға арналған деректі фильмдер мен көркем кинокартиналарды көру арқылы қазіргі тарихты зерделеуді көпшілікке таратуға бағытталған. Жастар «Жұлдыздар тоғысқанда» және «Көшбасшы жолы. Астана» «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының үзінділері арқылы жаңа жас мемлекеттің қалыптасуының маңызды кезеңдері туралы білді.
– Республиканың жоғары оқу орындарында студенттер негізгі мамандығынан бөлек «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсын оқиды. Елбасының өмірі мен қызметі туралы фильмдер ХХ-XXI ғғ. Қазақстан тарихы бойынша ең құнды «кинооқулық» болып табылады. Бұл фильмдер көрерменге қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке апаратын жолын көрсетеді. Кинокартиналар арқылы тәуелсіз Қазақстанның тарихымен қатар Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қажырлы еңбегін байқауға болады, – деп атап өтті дәріскер.
А. Әзірбаевтың айтуынша, көрсетілген бейнеқатар ел тарихы туралы білімді толықтыруға, фильмдерде көтерілген проблемалар туралы толғануға, кинокартинаның сюжетін ғылыми әдебиеттің мазмұнымен салыстыруға, ойлануға көмектеседі.
Кинолекторий қатысушылары ой бөлісті.
ASTANA IT UNIVERSITY студенттермен жұмыс департаментінің директоры Сұлтан Рахымжанов:
– Дәріс қызықты өтті, спикердің баяндамасын бірсарынды оқып отырмай, әрдайым аудиториямен тығыз байланыс орната білгені қуантты. Шын мәнінде, маған ел мен Елбасымыздың даму тарихын білу қызықты болды. Ел өміріндегі тағдыршешті шешімдер фильмдерден үзінділер түрінде көрсетілді, бұл осындай кездесулерді барынша мазмұнды және жарқын етеді, сондай-ақ киноэпопеяның барлық фильмдерін көруге қызығушылық тудырады.
ҚарИУ 2 курс студенті Илья Левченко:
– Дәрістің бұл форматы маған өте ұнады. Енді мен кітаптардан оқыған ақпаратты сақтау үшін арасында кино көру де пайдалы болатынына көз жеткіздім.
