ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӘРІСТЕРІ

Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлері еліміздің жоғары оқу орындарындағы жас ғалымдар мен студенттерге арнап дәрістер өткізді.   ZOOM алаңында онлайн форматта өткізілген дәрістерге жүзден астам тыңдаушы қатысты. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті –Елбасының бастамалары», «Қазіргі Қазақстанның Орталық Азиядағы және әлемдік саясаттағы рөлі» және «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаңа геосаяси шынайы жағдайдағы бітімгерлік қызметі» тақырыбындағы дәрістер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай шаралар аясында ұйымдастырылды.

Дәріскерлер ретінде Елбасы кітапханасының Халықаралық байланыстар және инновация және зерттеу жобалары қызметінің қызметкерлері –  А. Құлтуманова және А. Қабдуғалиев сөз сөйледі. Тыңдаушылар – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Абылай хан атындағы Қазақ әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетінің «Дінтану», «Саясаттану», «Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша бакалавриат студенттері және магистранттары.

Халықаралық байланыстар қызметінің басшысы Жансая Жабинаның айтуынша, тыңдаушылардың алған әсеріне қарағанда кейінгі жас ұрпақ халықаралық аренада Қазақстанды зор оң перспективада күтеді. Пікір-сайыс барысында олар өз болжамдары және еліміздің бүгіні мен болашағына беретін бағасы туралы ой бөлісті.

«Жоғары білім беру жүйесінде студенттердің маман-практиктермен өзара іс-қимылы үлкен маңызға ие. Ауқымды ақпараттық қоры мен мол тәжірибесі бар Елбасы кітапханасының қызметкерлері болашақ халықаралық қатынастар саласы мамандары мен саясаттанушыларға Елбасы қызметінің призмасы арқылы Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары туралы, Қазақстанның әлемдік сәулет өнеріндегі рөлі жайында толығырақ мәліметтер ұсынды. Біз студенттерге Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық бастамалары туралы жүйеленген ақпараттар беруге күш салдық. Мәселен, Түркі кеңесінің институционалдық негізін тереңірек ашып көрсеттік. Елбасының осы бастамасының аясында тұтастай институттар құрылған: атап айтқанда, әлемде жоғары беделге ие ТҮРКСОЙ және ТүркПА. Тыңдаушыларға осы халықаралық ұйымдардың қандай қызметтер атқаратыны өте қызық болды», - деген Ж. Жабина мамандардың студенттермен бұл жұмыс форматы өте тиімді және пайдалы екенін атап өтті.

Сыртқы саяси басымдық мәнмәтініндегі Қазақстанның қалыптасу және даму бойынша өзекті мәселелері туралы Елбасы кітапханасының дәрістер циклы жас ғалымдар тарапынан үлкен қызығушылық туғызды, олар осындай шараларға тұрақты түрде қатысып отыруға ниетті екенін жеткізді.