ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы оқырмандары осы мекеменің сайты арқылы тіркеліп жазылу және ақпаратты іздеу мүмкіндігі бар электронды каталогты пайдалана алады. Электронды каталог арқылы кітапханаға тіркеліп, қажетті кітап немесе құжатты тауып, кітапханашыға сауал жолдап, виртуалды анықтама алып, электронды коллекцияларды көруге болады. Кітапхана сайтын пайдаланушыларды «Елбасы еңбектері» және «Сирек кітаптар қоры» электронды коллекциясы ерекше қызықтырады.

Барлық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу бірыңғай іздеу интерфейсі арқылы жүзеге асады.

Бизнес, экономика, саясат, басқару және менеджмент мәселелері бойынша EBSCO деректер базасындағы мәтіндерге қол жеткізу ашық. Елбасы кітапханасы оқырмандары пайдалана алатын ақпараттық базалар қатарында танымал толық мәтінді журналдар мен академиялық пәндердің (1975 жылдан бастап шамамен 150-ден астам журнал архиві бар) көпшілігін қамтитын Academic Search Premier ақпараттық базасы бар.

Business Source Premier (экономика, бизнес, басқару мәселелері, менеджмент, маркетинг, сақтандыру, банктік, бухгалтерлік іс бойынша толық мәтінді 3000-нан астам журналдар коллекциясы) және Political Science Complete ақпараттық базасы мақалалардың толық мәтіні сақталған 400 журналы, сондай-ақ барлық мақалалардың аңдатпасы бар (жоғары рейтингті ғылыми журналдарды қосқанда) 2100 астам журнал бар, осы журналдардың көпшілігі осы коллекцияда ғана қолжетімді. Атап айтқанда, олар: British Politics, Ethnopolitics және Journal of Women, Politics & Policy журналдары. 

Кітапхананың барлық ресурстары, оның ішінде EBSCO деректер базасы бойынша іздеу мына сілтемеде http://search.ebscohost.com/ жүзеге асады.  

Логин мен пароль алу үшін Кітапхананың Анықтама қызметіне: librarian@plibrary.kz 8 7172 693031 (32) хабарласуға болады.