ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

15 қаңтарда Елбасы кітапханасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ 2016-2020 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасының таныстырылымы өтті. Құжат Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясының негізінде Кітапханаға қойылатан замануи талаптарға жауап береді.

Мемлекет басшысының орталығы ретінде Кітапхананың миссиясы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың саясаты мен бастамаларын қоғам арасында ілгерілендіру, зияткерлік қолдау көрсету және ғылыми-тарихи жағынан ұғыну.

Тұжырымдама технологиядағы жаңа жетістіктерді қолдана отырып  сараптау, идеологиялық және ағартушылық жұмысқа үлкен басымдық беріледі.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының міндетін атқарушы М.Б. Қасымбеков биылғы жылдың 1 наурызына дейін Тұжырымдаманы іске асыруға бағытталған Стратегиялық жоспар әзірлеу туралы нақты тапсырма жүктеді.