2015 жылдың 24 маусымында Елбасы Кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков және директордың орынбасарлары Жапсарбай Қуанышев, Нұрлан Қаймолдаев, Тимур Шаймергенов, Мейрам Бектембаев «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Мерекелік медальді Қазақстан Республикасы Кеңсесінің бастығы – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков табыстады.
Медаль Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын ынталандыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының құрметіне тағайындалған.