Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онкүндік аясында дәстүрлі «Тұңғыш – Первый» киноапталығы өтті.
Кинокөрсетілімдердің көрермендері елордалық Менеджмент колледжі мен Сервис және туризм колледжінің студенттері, сондай-ақ Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің және физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары болды. Іс-шараға барлығы 215 адам қатысты.
Киноапталықты ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова Қазақстанның тәуелсіздік тарихына және Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттіліктің қазақстандық моделінің қалыптасуы мен дамуындағы рөліне арналған кіріспе дәріс өткізді.
– Елбасының тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі тарихи рөлі зор. Оның өмірбаяны еліміз бен халқымыздың қазіргі тарихынан ажырамайды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасындағы барлық басты стратегиялық шешімдер Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қатысуымен бастау алып, жүзеге асырылды, – деп атап өтті Б. Қайыпова.

Оқушылар мен студенттер назарына елдің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы, қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі негізінде Қазақстан тарихының кезеңдері баяндалатын «Тәуелсіздік дәуірінің көшбасшысы» деректі фильмі ұсынылды. Фильм азаттықтың алғашқы жылдарындағы Елбасы басшылығымен халық жеңген қиындықтар мен проблемаларды айқын көрсетеді.
Киноапталық барысында кітапхана қызметкерлері кинокөрсетілімнен кейін көрермендермен тақырыптық кинолекторий өткізіп, фильмді талқылады.
Қонақтар дәрісте алған