ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА – ЖАҢА ЖӘДІГЕР

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музей жинағы жаңа жәдігермен толықты. Бұл екі басты бүркіт кездемесі XII аяғында XIII бірінші жартысында Селжук мемлекетінде жасалған.

Кіші Азиядан жеткен жібек матада түрлі-түсті жіптермен, саржалы ілмекөріммен тоқылған бұл жәдігердің ұзындығы – 45 см. Оның иесі А. Сақтағанқызының айтуынша, бұл кездеме Батыс Қазақстандағы Сарай қаласынан кездейсоқ табылған. Оның сөзіне қарағанда, кездеме: тоқыма үзінділері, бүркіттің басы бейнеленген алтын айылбас сынды басқа да заттармен қоса ағашта ілініп тұрған. Бұл заттар олардың отбасында сақталған.

Екі басты бүркіттің пайда болу тарихы  ежелгі дәуірден, сондай-ақ Алтай халықтарының философиясы мен дүниетанымынан бастау алады. Болжам бойынша, бұлар басында бүркіттер емес, Самұрық құсы болып есептелген. Олар Тәңірдің жердегі ең жоғарғы өкілдері саналып, ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың, өмір мен өлімнің көрінісіндей болған.

 Қазақ айтады: "...адамның иығында екі қорғаушы періште отырады: оң иығында отырған періште оның барлық жақсы істерін жазады; сол иығында отырған періште оның барлық жаман істерін жазады және қайтыс болғаннан кейін бұл жазбалар Құдіретті Құдай – Тәңірге ұсынылады...». Бұл бейнелеме қазақтың ою-өрнекті композицияларында, сондай-ақ еуразия аумағында мекендеген сақ-скиф бұйымдарында көрініс тапқан.

Өзінің келбеті бойынша құс ежелгі уақытта Византияда және ортағасырлық Кіші Азия мемлекеттерінде билік эмблемасы ретінде қолданылған геральдикалық екі басты бүркіттің түріне жатады. Қыранның бұл түрі қазіргі Түркия аумағындағы Селжук мемлекетінің (1075-1318) билік символы ретінде қабылданған.

Мұндай селжуктік екі басты бүркіттің суреттерін әртүрлі ескерткіштерден: XIII ғасырдың тас бедерінен; монеталардан; қыш тақташалардан: XIII ғасырдың бірінші жартысындағы керамикадан; Селжук билігі кезінде Анадолы аумағынан шыққан қоладан көруге болады.