Елбасы кітапханасында Жамбыл облысынан келген оқушылар үшін экскурсия өтті

1X7A6609

Елбасы кітапханасында Шу қаласының С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ұстаздары мен 8-10-сынып оқушылары Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларымен және халықаралық жобалармен, сонымен қатар еліміздің қалыптасу және даму тарихымен танысты.

«Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивтік орталығы оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл мультимедиалық білім беру орталығы ең жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жасақталған және Елбасының жасампаз идеялары мен тұжырымдамалық ойлары туралы бірегей материалдан тұрады.

1X7A6646

Оқушылар сондай-ақ Президент Н.Ә.Назарбаевтың тақырыптық кітап көрмесімен және жеке кітапханасымен танысты. Экскурсия соңында «Мәңгілік ел» деректі фильмінің көрсетілімі өткізілді.

Қонақтарға Елбасы кітапханасына келгенінің естелігі ретінде кітаптар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.