Елбасы кітапханасында Мұрат Әбеновпен кездесу өтті

16 наурызда Елбасы кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» семинарына қатысушылар ‒ Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті студенттері танымал қоғам қайраткері, «Өрлеу» Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы республикалық Үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Серпіліс» қоғамдық-саяси бағдарлама авторы әрі жүргізушісі, жалпыұлттық «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының үш мәрте иегері Мұрат Әбеновпен кездесті.

Құрметті мейман білім беру саласы мен өздігінен жетілудің жаңа трендтері туралы әңгімелеп берді. Мұрат Әбенов жастардың болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдамауы салдарынан жұмысқа тұру проблемасына баса назар аударды. Спикер жастарға студенттік шақтан қоғамдық өмірдің барлық жобаларына белсенді қатысып, өздігінен батыл әрекет етуге және қоғамда сұранысқа ие мамандықтарды таңдау шақырды. «Өкінішке қарай жастар білім алған жылдарын балалық шақтың жалғасы деп түсінеді. Төрт жыл бойы демалады. Олар студенттік өмірін қалай өткізетіні бәрімізге белгілі. Мен оларды аяймын... балалық шақтан адами капиталды жинақтау қажет» деген пікірін айтты спикер.  

[Best_Wordpress_Gallery id="19" gal_title="«Идеи, меняющие мир» 15-16.03.2016"]

Мұрат Әбенов «Серпін-2050» жобасын іске асыруды өңірлердегі демографиялық және еңбек ресурсы тепе-теңсіздігін қалпына келтірудің тиімді жолдарының бірі деп есептейді. Сондай-ақ ол осы жоба аясындағы жұмыс тетіктері туралы да айтып берді. «біз алдымен қандай бос жұмыс орындар барын анықтаймыз. Одан кейін кәсіби бағдар берумен айналысамыз. Жер-жерлерге барамыз, қандай мамандықты таңдау керектігін түсіндіреміз, жастарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік проблемаларды шешеміз» деді.

Сонымен қатар кеш қонағы халықаралық «Болашақ» бағдарламасына қатысу шарттары, оның басымдықтары, перспективалары мамандықтардың кең спектрі туралы ақпаратты айтып берді.

Кездесу интерактивті режимде өтті. Жастар «Серпін-2050» жобасы мен «Болашақ» бағдарламасы мазмұны туралы сұрақтар қойды, жобалар дайындау мәселелері туралы кеңестер сұрады.

Кездесу аяқталғаннан соң Мұрат Әбенов «Әлемді өзгертетін идеялар» жобасы қатысушыларын курсты аяқтағандығы туралы сертификаттар табыстау рәсіміне қатысты.