Елбасы кітапханасында Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды

2 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздіктің өзекті проблемалары: тегеурінді талаптар мен шешу жолдары» тақырыбында халықаралық конференция болып өтті.

Конференцияда Ресейдің ММХҚИ, РСМД, ПИР-орталығының танымал зерттеушілері, ресейлік талдау орталықтары – «Север-Юг» (Мәскеу қ.) саясаттану орталығы және «Евразия-Поволжье» (Саратов қ.) ақпараттық-талдау орталығының өкілдері сөз сөйледі.

Осы іс-шара жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бейінді бөлім басшылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Сыртқы Істер министрлігінің және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылыми-талдау құрылымдарының, дипломатиялық миссия өкілдері, Астана қаласы ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.

Конференцияның ашылуында сөз алған Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Т.Т. Шаймергенов: «Бүгінгі ашық пікірталас алаңы өткен жылдың желтоқсан айында құрылған Қазақстан-Ресей сарапшыларының IQ-клубы жұмысы аясында ұйымдастырылды. Аталған сарапшылар клубы міндеттерінің бірі – біздің елдер арасындағы түсіністікке ықпалдасу және болашақ ынтымақтастық негіздерін іздеу. Бізге тарихты ұмытпау абзал. Алайда, әлем өте тез өзгеру үстінде. Бізге Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздестіру қажет» деді.

Ю.Е. Аршинов, Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің ТМД және Балтық елдерін зерттеу ғылыми-білім беру орталығы директорының орынбасары, "Қазақстан-Ресей сарапшылары IQ-клубының" баспасөз-хатшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, «IQ-клуб" жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы айтып берді. Оның пікірінше, Қазақстан мен Ресей сарапшыларының ынтымақтастығы әлі де толық ашылмаған, сондықтан осы клубтың құрылуы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара іс-әрекетті үдетуге және сапалық тұрғыдан жаңа сарапшылар ортасының қалыптасуына септігін тигізеді.

Ресейдің халықаралық істер бойынша Кеңесінің бағдарламалық менеджері, Ресей СІМ МХҚМИ Халықаралық зерттеулер институтының жаһандық проблемаларды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Елена Сергеевна Алексеенкова Ресейдің халықаралық істер бойынша Кеңесінің талдау жұмысының кейбір нәтижелерін және Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздіктің сыртқы және ішкі тегеурінді талаптарына арналған кешенді презентация таныстырды. Ғалымдар әлем саясатының басты тенденция қатарына Ресей мен Батыс арасында ушығып бара жатқан текетіресті, бұрыннан қалған жанжалдың ушығу тәуекелін, АҚШ, ЕО, РФ мен ҚХДР және басқа да елдер арасындағы өңірге әсер ету бәсекелестігін жатқызады. «Интеграциялық үрдістер белгілі мүмкіндіктер береді. Мұның өзі алға жылжуды білдіреді. Атап айтқанда, ол мынадай мүмкіндіктер: стратегиялық мақсаттарды анықтау, экономикалық оқшаулауға тап болмаудың алдын алу, өсім мен дамудың баламалы полюсін жасақтау, сондай-ақ кедергілер мен саяси тәуекелдерді азайту» атап өтті Е.С. Алексеенкова.

[Best_Wordpress_Gallery id="18" gal_title="Заседание IQ клуба "]

ММХҚИ халықаралық зерттеулер институтының Талдау орталығының директоры, Jean Monent Fellow, European University Institute, Florence мүшесі Андрей Анатольевич Казанцев Еуразия интеграциялық үрдістегі Қазақстанның маңызды ролін айтты: «Бүгін біз талқылап жатқан тақырып өте маңызды, себебі, Қазақстан - тұрақтылықты сақтаушы ел. Бұл Қазақстанның экономикалық модель, қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жұмысының тиімділігін дәлелдеуде. Ресейдің сенімді одақтасы бар. Осыған байланысты жалпы тәуекелдердің болуы бізді біріктіруші фактор деп есептеймін». Мінбеде сөз сөйлеген сарапшы Еуразиялық қауіпсіздікті ұйымдастыруда жауынгерлер саны, ИГИЛ тарапынан идеологиялық қауіп туралы сенімді статистиканың жоқтығына назар аудартып, қазіргі лаңкестер топтарының құрылымы мен жұмыс істеу тетіктерін сипаттап берді, деді.

Әскери ғылымдар академиясының профессоры, «ПИР-Центр» халықаралық зерттеулер Ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері В.Б. Козюлин өз баяндамасында Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті ұйымдастырудың әскери аспектілері және ОДКБ даму перспективалары туралы мәселелерді қарастырды.

«Евразия-Поволжье» ақпараттық-талдау орталығының директоры  М.В. Лапенко қазақстандық тарапты бірлескен сарапшылар клубын құруға қолдау көрсеткендігін үшін алғысын білдіріп, Еуразия интеграциясы аясындағы Қазақстан мен Ресейдің шекаралас ынтымақтастығының ерекшеліктері, IQ-клубының жақын уақыттағы жұмыс жоспарлары туралы баяндады және қазақстандық тәжірибе мен бастамаларға жоғары баға берді. М.Лапенко:

- Қазақстандық сарапшылар қауымдастығы ресейлік әріптестермен салыстырғанда ашықтығы мен шетелдік тәжірибені зерттеуде біршама алға басқан… Қазақстан Республикасында бірегей саяси жүйе мен ұлтаралық қатынастың бірегей жүйесі бар. Мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» Стратегиялық құжаттарын әрдайым қызыға оқимын. Осындай саяси тұрақтылық пен сабақтастықты сақтау өте маңызды, - деді.

Жарыссөздер аяқталғаннан кейін ашық пікірталастар жүрді.