ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫН 2000 МЫҢ ОҚУШЫ ВИРТУАЛДЫ ТҮРДЕ АРАЛАДЫ

Коронавирус пандемиясы жағдайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы аудиториямен қарым-қатынастың жаңа форматтарын жүзеге асырып келеді. Бүгінде цифрлық платформалардың арқасында Елбасы кітапханасының  Instagram және ZOOM пдатформаларындағы онлайн-экскурсиялар, музей алаңдары бойынша виртуалды турлар сұранысқа ие.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Елбасы кітапханасы Тұңғыш Президенттің бұрынғы резиденциясының залдарына елорда мен еліміздің басқа да өңірлеріндегі мектептердің 2000 оқушысына онлайн-экскурсиялар сериясын ұйымдастырды: Қ. Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт мектебі (310 адам), № 31 МГ (352 адам), № 10 ОМ (280 адам), Сәтпаев қ. Қарағанды облысы С. Сейфуллин атындағы гимназия (268 адам), Қызылорда қ. №176 ОМ (790 адам).  

Қызылорда қаласының студенттері мен қатысушы жастары үшін онлайн-экскурсия «Qosyl» жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өтті. Онлайн-экскурсияға қатысушыларды Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов  қарсы алды.

  

Экскурсия барысында Елбасы кітапханасының Экскурсия қызметінің қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы Тұңғыш Президент кітапханасы музейінің экспозицияларын көрсетті. Қатысушыларға Қазақстан мемлекеттілігін құрушы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихы, Тұңғыш Президенттің көпқырлы тұлғасы, мемлекет тағдырындағы бетбұрысты сәттердегі ұлттық көшбасшының рөлі баяндалды. Резиденция залдарының экспозициялары, Тұңғыш Президенттің жұмыс кабинеті, сондай-ақ жоғары деңгейдегі рәсімдер мен кездесулерге арналған залдар экскурсанттардың ерекше қызығушылығын тудырды.

«Семей қаласының №10 мектебінің қатысушыларына қызықты экскурсияны тыңдауға мүмкіндік бергені үшін Елбасы кітапханасының басшылығына алғыс білдіреміз», – деді Семей қаласының № 10 мектебінің ұстазы.

«Өте танымды. Біз Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, Елбасының басшылығымен Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуы туралы көптеген жаңа ақпарат алдық. Осындай эфирлерді жиірек өткізіңіздер», - деген өтініш білдірді Қызылорда қаласының № 176 орта мектеп оқушылары.

«Музей өте қызықты, әсіресе күмбезді зал ұнады. Мүмкіндік болса, арнайы астанаға келіп музейді көзбен көріп, экскурсия тыңдаймын», - деп жазды Сәтбаев қаласының С. Сейфуллин атындағы гимназия оқушылары.