ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАСАМПАЗ ҰЛТ» ВЕБИНАРЫН ЖҮРГІЗДІ

20-28 сәуір аралығында Елбасы кітапханасының «Жаңа Қазақстан: жасампаз ұлт» вебинарларына С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мектептерінің оқушылары қатысты.

Елбасы кітапханасының дәрістер мен тренингтерден тұратын дәстүрлі екі күндік семинар-тренингтері жастарға Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдерін түсіндіруге, экономика мен әлеуметтік саланың даму ерекшеліктерін анықтауға, жастарды патриотизм, жалпыұлттық және адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеуге, азаматтық сана-сезімді және жаңа Қазақстан азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Оқу  барысында тыңдаушылар мемлекеттік жаңғырту тәжірибесін меңгеріп, мемлекет, қоғам мен адамның құндылығын ұғынып, жаңғыртудың халықаралық тәжірибесімен танысты. Сондай-ақ жастар қоғамдағы тәуелсіздік, бірлік және келісім мұратын өркендетудің теориялық әрі практикалық дағдыларын игерді.

«Пайдалы ақпарат пен мол мағлұмат алдық. Вебинардың мазмұны терең, бәрі жүйелі өтті. Ең бастысы – қызықты да қолжетімді. Ұйымдастырушылар мен дәріскерлерге мың алғыс», – деген өз жазбасында С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Ариана Иванова.