ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ВЕБИНАРЛАРЫНЫҢ МАУСЫМЫ ЖАЛҒАСАДЫ

 Алматы мен Шымкент қалаларының мектеп оқушылары Елбасы кітапханасының «Болашаққа жол өзіңнен басталады» екі күндік ввебинар-трениніне қатысты.  Онлайн дәріс барысында жастар мемлекет дамуының негізгі кезеңдері мен жетістіктерімен, негізгі стратегиялық құжаттармен танысты.

 Вебинар бағдарламасын Елбасы кітапханасының қызметкерлері әзірлеген.  Оның мазмұны Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бағдарламалық мақалалары мен еңбектерінің мәнін ашатын дәрістерге негізделген. 

 «2021 – Қазақстан үшін ерекше жыл. Биыл жұртымыз ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді.  Мұндай маңызды оқиғаға жыл бойы көптеген іс-шаралар орайластырылмақ.  Вебинарда біз мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне сөзсіз тоқталамыз.  Жаңа ұрпақ, әсіресе жастар тәуелсіздікке қалай қол жеткізілгенін, жаңа мемлекеттің қалай құрылғанын, оның әлемдегі беделін қалай және кім күшейткенін, одан әрі орнықты даму үшін бүгінде не істеліп жатқанын білуі  тиіс.  Балалардың көптеген тезистерді ой елегінен өткізуі, оларды түсінуге тырысуы қуантады.  Біздің вебинардың атауы да бөлек талқылауға арналған тақырып.  «Болашаққа жол өзіңнен басталады» деген не?  Вебинар барысында біз тыңдаушы өз болашағын елестетіп, ондағы рөлін, жауапкершілігін үлгі ететіндей тақырыпты ашамыз», - деді Елбасы кітапханасының дәріскері Сағынтай Бердағұлова.

 Вебинар барысында  ойын түрінде тренинг өтеді.  Аға сарапшы Күнзия Үмбетованың айтуынша, оқытудың міндетті элементі - ең өзекті қоғам мәселелерін шешудің жолын іздеттіретін жобалар. 

Вебинарға белсенді қатысқан шымкенттік Ксения Ухова «Мен не ұсына аламын?» деген сұраққа үздік жауап берді.

 «Жастар мен жасөспірімдерге арналған алаң құру қажет. Бұл алаң шоу-бизнес жаңалықтарымен қатар ел мен білім жаңалықтары таратылатын болады. Бұл алаңда өзін-өзі дамытуға арналған нұсқаулықтар мен оқулықтарды, карталар мен пайдалы сайттарға сілтемелерді, вебинарларды орналастыру мүмкіндігі бар. Әлеуметтік тәрбиеге көбірек уақыт бөлуіміз керек», - деп жазады мектеп оқушысы.

 Елбасы кітапханасының білім беру вебинарлары жастардың патриоттық сезімі мен туған жерге деген адалдығын қалыптастыруды, тарихи санасының көкжиегін кеңейтуді, дамытуға бағытталған процестерге қатыстыруды, жаңа ұрпақтың тарихи санасын кеңейтуді көздейді.