ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ «ТҰҢҒЫШ» БПҰ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫН САЙЛАДЫ

«Нұр Отан» партиясының астаналық «Бірлік» филиалы жанындағы «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының жиыны өтті. Кездесу барысында «Тұңғыш» БПҰ жаңа төрағасы мен төраға орынбасарлары сайланды.

Партия мүшелері Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболаттың ұсынысын бірауыздан қолдап, 12 жылдан астам уақыт бойы «Nur Otan» партиясына мүше болып келген мекеме директорының орынбасары Ботагөз Қайыпованы бастауыш партия ұйымының жетекшісі сайлады.

Әріптестерінің сеніміне алғыс білдірген Б.Қайыпова «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының қызметі жоғары бағаға ие болғанын белгіледі. Бүгінде бұл ұйымға партияның 93 мүшесі кіреді. Олар – қоғам өміріндегі әлеуметтік-саяси, спорттық іс-шараларға белсенді қатысатын азаматтар. «Тұңғыш» БПҰ жаңа төрағасы бұл мүшелердің алдағы уақытта да бастауыш партия ұйымын алдыңғы қатарда сақтап қалуға күш салатынын айтты.

Іс-шара барысында «Тұңғыш» БПҰ төрағасының орынбасарлары болып Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының кеңесшісі Әлия Қайшарова мен Елбасы кітапханасының Құқықтық сараптама, құжаттамалық қамтамасыз ету, кадр және ұйымдастыру қызметі сарапшысы Аслан Жұмағұлов сайланды.

Жиын алғыс хаттарды таратумен аяқталды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2021 жылғы сайлау науқанында белсенділік танытқаны үшін Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалары қызметінің басшысы Күнсұлу Исинова мен Экскурсия қызметінің сарапшысы Құмар Жүнісовке алғыс хат табысталды.