ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ «ТАҢҒАЖАЙЫП ӨНЕР ӘЛЕМІ» АТТЫ АРТ-ТЕРАПИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТКІЗДІ

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Таңғажайып өнер әлемі» атты жыл сайынғы арт-терапиялық сессия аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бейбіт әлемге» деген шығармашылық мерекесі өтті.

Іс-шараны «Нұр-сұлтан қаласының мүгедектігі бар балалар қоғамы» ҚБ, «Возрождение» психологиялық орталығы, «Современник» жастар театры және «Green Akmola» ҚҚ бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова: «Тұңғыш Президент кітапханасында 15 жылдан астам уақыт бойы дамуы өзгеше балаларды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді. Терапиялық және эстетикалық сипаттағы іс-шаралар ерекше балаларды оңалтудың балама бағдарламаларын енгізуге және баланың шығармашылық арқылы өз-өзін танытып, аяғынан нық тұруға деген ұмтылысын қолдауға арналған. Бүгін біздің педагогтар танымдық ойын-сауық бағдарламасын дайындады», - деді.

Шығармашылық мереке №1 балалар музыка мектебінің «Әуе шарлары» атты ән-би сыйлығынан басталды. «Современник» жастар театрының актерлері «Әлем ғажайыптарына саяхат» атты психологиялық тренинг-қойылымын өткізіп, артынша әрбір кішкентай қатысушы жерге күнбағыс тұқымын екті. Содан кейін балалар «Ізгі ниеттер ағашының» суретін салып, іс-әрекеттері мен арман-тілектері туралы айта отырып, өздері құрастырған дүниемен таныстырды.

Мереке туралы естелік ретінде балалар сыйлықтарға ие болды. Барлық қатысушылар мен қонақтар үшін Елбасы кітапханасы музейінің залдары бойынша экскурсия өткізілді.