21, 22, 25 маусымда Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидат Сағынтай Бердагулова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК басшылығы өтініші бойынша «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеудің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.

Шараға қатарында еліміздің әр аймағындағы қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы ұйымдардың жетекшілері мен оқытушылары қатысты. Олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында жалпыұлттық реформаларды іске асыру, қоғамдық сананы жаңғырту және өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылады.

Дәріс мазмұнына жоғары баға берген қатысушылардың айтуынша, пайдалы білімді олар жастармен практикалық жұмыста қолдануға асық.
Онлайн оқудан «Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі менеджмент» біліктілікті арттыру курсының 80 тыңдаушысы өтті.