ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ҚР ҚК ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

19 ақпан күні Елбасы кітапханасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ мен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы» РММ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа қол қою барысында Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары – Әскери-тарихи мұражайының бастығы Нұртаза Асилов екі мекеменің ынтымақтастығы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, ғылыми ақпаратпен алмасуға, ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдерге қатысуға, ғылыми-зерттеу қызмет мәселелері бойынша кеңес беруге және т.б. бағытталатынын атап өтті.

 

Жасалған шарттың басты мақсатының бірі - ҚР ҚК Әскери-тарихи музейге қойылатын «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әскери қауіпсіздік саласындағы бітімгершілік қызметі» атты тұрақты тақырыптық экпозициясын әзірлеудегі қос мекеме мамандарының серіктестігі.