Бүгін Елбасы кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласындағы №46 және №47 мектеп-гимназиялардың 8-сынып оқушыларына «Елорда – тәуелсіз Қазақстанның символы» дәрісі өткізілді.

Оқушыларға ХХ ғасырдың соңында тәуелсiз Қазақстанның елордасы атанған қаланың пайда болу тарихы мен қалыптасу, даму кезеңдері таныстырылды.
Тыңдаушылар жерлесіміз, белгілі археолог Кемаль Ақышевтың қала төңірегіндегі зерттеулеріне, 1998 жылы ашқан ортағасырлық Бозоқ қалашығына; Ақмола шатқалы мен бекіністің құрылу тарихына; Кеңес дәуіріндегі қаланың дамуына қызықты.
Дәрістің жеке блогы астананы көшірудің қазақстандық тәжірибесі мен мемлекеттің бас қаласын құрудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөліне арналды.
Сабақ барысында Елбасының жеке архивіндегі құжаттар пайдаланылды.