ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Елбасы кітапханасының ғылыми кеңесі биылғы жылдың жұмысын қорытындылады. Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Ә.Рахымжановтың төрағалығымен өткен отырыста 2017-2019 жылдары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшы феномені» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағын, Тұңғыш Президент күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарын дайындау, «Ел тағдырын айқындаған Тәуелсіздік» форумы матариалдарының жинағын, «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» ғылыми-экспозициялық жобасының материалдарын және т.б. ғылыми бағдарламаны жүзеге асыру бағыттары бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері айтылды..

«Алғаш рет кітапхана басылымы шет тілінде жарық көреді. Жапон тіліндегі материалдар осы жылы қыркүйекте Токио қаласында жүзеге асырылған «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» бірегей экспозициялық жобасының мәнін ашады. Бұл біз үшін өте маңызды оқиға, өйткені конференцияны да, қор көрмесін де  қамтитын бұл  жоба Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын ілгерілету ісінде халықаралық маңызға ие», – деді Ә.Рахымжанов.

Сонымен қатар, баспаға «Елбасының тарихи миссиясы: жаhанданған әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы жарық көрді. Кітапхананың Әлеуметтік-ағартушылық жобалар және білім беру қызметінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Күнсұлу Исинованың айтуынша, басылымға мемлекеттік, ағылшын, неміс және орыс тілдеріндегі 43 автордың мақалалары енді. Бұл жинақ ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен ЖОО студенттерімен қатар, орталық және жергілікті басқару органдарының өкілдері үшін де қызықты болмақ.