ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ

27 желтоқсанда Елбасы кітапханасы Ғылыми кеңесінің төртінші отырысы өтіп, онда 2018 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды.

Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары, Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов кездесуді ашып, Мемлекет басшысының тек қазақстандықтар үшін ғана емес, шетел зерттеушілері мен оқырмандары үшін де атқарған жұмыстары мен ғаламдық бастамалары туралы ғылыми зерттеулердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған Тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанның бірегей тарихи жолын нысанды талдауы, еліміздің бұрын-соңды болмаған әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жетістіктері бүгінде бүкіл әлемде мемлекеттің бірегей моделінің ғылыми сипаттамасы ретінде сұранысқа ие».

Кездесу барысында кітапхананың «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және лидерлік феномені» ғылыми бағдарламасының жылдық есебі тыңдалып, бекітілді.

Ғылыми кеңес мүшелерінің пікірлері мен  талқылауынан кейін баспаға ұсынылған жұмыстар: «Президент Н.Ә.Назарбаевтың жаһандану жағдайындағы бітімгерлік қызметі» монографиясы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жыл сайынғы ғылыми еңбектер жинағы,  «Мәңгiлік Ел идеясы: кеше, бүгін, ертең» монографиясы, Мемлекет басшысының үзеңгілестерінен алынған сұхбаттар мен бейнеқұжаттарының тізімдемесі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасын жүзеге асыру аясында Атырау және Ақтөбе қалаларында өткізілген дөңгелек үстелдердің қорытындылары бойынша баяндамалар жинағы, «Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету (Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында)» халықаралық дөңгелек үстелінің  ғылыми еңбектер жинағы, «Еңселі ел мәдениеті» альбомы.