28 наурызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен өтті.
Отырыс барысында ғылыми Кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді. Кеңес мүшелеріне сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері дайындаған басылымдар таныстырылды. Ғылыми еңбектердің мазмұны туралы Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары Ботагөз Қайыпова, директордың орынбасары тарих ғылымдарының кандидаты Күләйша Ақтаева, кітапхананың әлеуметтік және гуманитарлық-білім беру жобалары қызметінің жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаев баяндама жасады.
«Н.А. Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарих, жағдайы мен келешегі» (екінші басылым, толықтырылған) ғылыми-қор жинағы еуразиялық интеграцияның 25 жылдығына және келісім-шарттың 5 жылдығына арналып отыр. Бұл жинақ «Қазақстан заманауи кезеңде» жобасын жүзеге асыру аясында жүзеге асып отыр. Жинақта еуразиялық идеяның тарихы, Н.Ә.Назарбаевтың тағдыршешті бастамаларының арқасында XXI ғасырда жаңа серпін алған заманауи еуразиялық интеграцияның жағдайы қарастырылады. Кітаптың әр бөлімі бай ақпараттық-дереккөз негізінде құрылған. Басылымның идеясы мен тұжырымдамасы иллюстративті негізбен бекітілген. Олардың көбі дерлік тұңғыш рет ғылыми айналымға еніп отыр.
Кеңесте таныстырылған «Мәңгілік Ел» идеясы: кеше, бүгін, ертең» ұжымдық монографиясы Елбасы кітапханасында 2018 жылдың 26 қазанында өткен осы аталған республикалық конференцияның нәтижесіне негізделіп отыр. Монографияның бөлімдері «Мәңгілік Ел» идеясына негізделіп отыр. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясының контекстінде Қазақстанның экономикалық дамуы, құқықтық жүйе, мәдениет пен саясат қарастырылған. Өз кезегінде бұл идеяның маңызы ақпараттық және этнопедагогикалық мәселелер тұрғысынан қарастырылған. Монография жоғары оқу орындары оқытушылары мен студенттерге, орталық және жергілікті атқарушы билік өкілдеріне арналып отыр.
«Экспозиялық кеңістіктегі қоғамдық коммуникациялардың формасы ретіндегі экурсиялық қызмет» нормативтік-әдістемелік кешенінде Елбасы кітапханасы жұмыстарының нәтижесі көрсетілген. Бұл басылымда нормативтік-әдістемелік құжаттар, түрлі жанрдағы экскурсияларды ұйымдастыру жөніндегі тәжірибе көрсетілген. Басылым мәдениет саласы, атап айтқанда, музей мекемелері қызметкерлеріне арналып отыр.
Елбасы кітапханасының «Сурет пен форманың гармониясы» музейлік жинақ коллекциясының каталогы «Музейлік жинақ» зерттеу жобасының аясында жүзеге асып отыр. Басылымда тұңғыш рет 87 бірлік сувенирлік коллециялар туралы мәлімет беріліп отыр. Каталог кітапхана қызметкерлеріне көмекші құрал ретінде ұсынылды.
«Қазақстан мәдениетін жаңғыртудағы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі» ғылыми-ақпараттық құралы «Қазақстан заманауи кезеңде» жобасы аясында шығарылып отыр. Оның негізіне Елбасының Қазақстан мәдениетін жаңғыртуға қосқан үлесі алынды. Атап өтерлігі, осы зерттеу еңбегі Елбасының «Мәдени мұра» жобасына сіңірген еңбегі мен Қазақстанның аймақтық тарихын бренділеуге қатысты бастамаларына арналған.
Осы басылымдарды қарастырған Ғылыми кеңес мүшелері өздерінің конструктивтік ескертпелері мен ұсыныстарын айтты. Бұл өзгерістер енген соң, басылымдар баспаға жіберілді.