Елбасы Кітапханасы еріктілерді дайындауда қолғабыс етуде: Универсиада-2017 тәжірибесі

Еріктілік – азаматтық белсенділікті паш етудің үлгісі. Мұқтаж жандарға қол ұшын созудың, қоғамдық маңызды іс-шараларға риясыз жәрдемдесудің маңыздылығы зор. Бұл – өмір сабағы, кәсіби дайындық, патриоттық тәрбие және халықтың бірлігін нығайтудың жолы.
Елбасы Кітапханасының қызметкерлерінен, Кітапхана жанындағы «Кемел Ел» жастарды тәрбиелеу орталығының мүшелерінен, «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК және ЭКСПО-2017 еріктілер штабының жұмысына атсалысқан республикалық жастар ұйымдарының өкілдерінен құралған астаналық  делегация Алматыдағы Универсиада-2017 спорттық шарасына куә болды.

универс
Жаһандық деңгейдегі спорттық шараның ауқымы Универсиаданың құрметті мейманы, философия ғылымдарының докторы, Елбасы Кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері Ғазиз Телебаев тәнті еткен.
0U3A5672-1
- Универсиада барысында еріктілердің жұмысы бей-жай қалдырмайды. Оған тәнті болдым. Біріншіден, еріктілердің қатары қалың. Екіншіден, олардың дайындық деңгейі өте жоғары. Үшіншіден, жастардың дені үш тілде еркін сөйлейді. Олар Универсиаданың әрбір қонағы мен спортшысына ілтипаттылық танытты. Іс-шараның ашылу салтанаты, Универсиаданың өзі де – халықаралық деңгейдегі үлкен оқиға. Шетелдік спортшылардың, меймандардың, сарапшылардың, қатысушылардың көңілінен шыққан байрақты дода – бұл ұйымдастырушылардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Бұл бағытта еріктілердің атқарған еңбегі зор. Елбасының бастамасымен ұйымдастырылған Универсиада-2017 спортты дамытуда, Қазақстанның беделін әлемдік деңгейде арттыруда маңызды қадамға айналды. Қазақстанның еріктілері Универсиадаға қолдау көрсетіп, Елбасының бастамаларын жүзеге асыруға көмек көрсетті, - деп атап өтті Ғазиз Тұрысбекұлы.
0U3A3332
2016 жылдың маусымынан бері Елбасы Кітапханасы «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ байланыс көпірін нығайтып, ЭКСПО еріктілерімен жұмысқа белсенді атсалысуда. Бұл «Әлемді өзгертетін идеялар» әлеуметтік жобасының аясында мықтап қолға алынған. Игі бастама 2015 жылдың қазанында өмірге жолдама алды. Оған 3 мыңнан астам қазақстандық жас көшбасшылар қатысты. Жоба шеңберінде «Кемел Ел» мәдени-білім беру жұмысы және жастарды тәрбиелеу орталығы құрылып, жастар еріктілер қозғалысына өзіндік үн қосады.
02 (2)
– Бүгінде «Кемел ел» мүшелері ЭКСПО-2017 көрмесі еріктілер штабының жұмысына қатысып, республикалық ірі жобаларды жүзеге асыратын жас көшбасшылар пулына кіреді, - деп сөзін сабақтады Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, ЭКСПО-2017 шарасына еріктілерді даярлау жөніндегі үйлестіруші Людмила Бурлаченко. – Универсиада, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі іспетті іс-шаралар Қазақстандағы еріктілер қозғалысын қалыптастыруға, республикалық және аймақтық деңгейде жүйелік мәселелердің шешімін табуға, еріктілер қозғалысын дамытуға және оларға жастардың жаппай қатысуына жағдай жасауға жол ашады. Еріктілікте мәдениеті, ұлты, жасы, әлеуметтік мәртебесі бір-біріне ұқсамайтын адамдарды қоғамдық қызығушылықтары арқылы біріктіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ тілектестік білдіру тәжірибесі әр адамға тұлға деңгейінде дамуға, тиісті тәжірибе жинауға, функционалды тиімділікті арттыруға, топқұрушылық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұның бәрі әлеуметтік тиімділік кешенін құрайды.
универсиа
универсс
Кітапхана ЭКСПО-2017 шарасына қатысатын еріктілерді даярлау жұмыстарын қамшылауды жоспарлап отыр. Елбасы Кітапханасы шетелдік қонақтарға арналған халықаралық көрме нысандарының қатарына кіреді. Бұл бағытта Кітапхана қызметкерлерінің арнайы бағдарламасына сәйкес елорда қонақтары мен тұрғындарын күтіп, Кітапхананың бірегей ғимаратын паш ететін 150 еріктіні даярлау жұмыстары наурыз айында басталмақ.