ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПТАР ТОПТАМАСЫ: «БИЛІК ФОРМУЛАСЫ»

Елбасы кітапханасының кітап қорына түскен жаңа басылымдардың арасында танымал журналист, шеф-редактор, «ТАСС» ақпараттық агенттігі бас директорының бірінші орынбасары, «Билік формуласы» телециклының авторы әрі жүргізушісі Михаил Гусманның «Билік формуласы. Алтын галстукпен 70 сұхбат» атты 2020 жылы жарық көрген кітабы бар.

Кітап кейіпкерлерінің алдында жаңа мыңжылдықтың негізгі сын-қатерлеріне жауап табудың үлкен миссиясы тұрды. Авторлармен еркін әңгіме барысында олар өздерінің биікке көтерілу жолы, жеке өмірі, іңкәрліктері мен мен қызығушылықтары туралы, кейде биік саясаттан тыс тақырыптарды да тілге тиек етеді.

«Осы өте қызықты кездесулер үшін тағдырыма ризамын, олардың әрқайсысы маған ұмытылмас сәт сыйлады. Менің барлық сұхбаттастарым –бірегей, жарқын тұлғалар, олардың тума таланты мен ой тереңдігін сізге жеткізуге күш салдым, құрметті оқырман», – деп жазады М. Гусман.

Бұл циклдың төртінші басылымына заманымыздың көрнекті тұлғалары – монархтар, президенттер, үкімет басшылары және ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен алынған 70 сұхбат енген.

Олардың қатарында Израильдің экс-Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэ, Иордан Хашимит Корольдігінің королі Абдалла II және т.б. бар.

2019 жылы журналист Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алды. Бұл әңгіме де жинаққа кірді.

«Билік формуласы» соңғы 20 жыл ішінде Нұрсұлтан Назарбаевпен бірнеше рет кездесті, біз жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолындағы қиындықтар, оның басшылығымен Қазақстан қол жеткізген жеңістер мен айқын жетістіктер туралы айттық. Нұрсұлтан Әбішұлы – жарқын жүзді адам әрі тамаша әңгімелесуші», – дейді автор.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті азаттықтың алғашқы қиын-қыстау жылдары, мемлекеттік және жаһандық ауқымдағы идеялар мен бастамалар, Қазақстанның халықаралық ұйымдарға қатысуы мен рөлі туралы сұрақтарға жауап берген.