ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ЖӘНЕ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

 

Елбасы кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев қоры журналистерге арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсын жариялайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбында жыл сайынғы халықаралық конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты – қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату, халықаралық кеңістікте еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін ақпараттық-имидждік ілгерілету, баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру, халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау.

Конкурс бес номинация бойынша өткізіледі:

  • «Үздік теледидар материалы»;
  • «Үздік радиоматериал»;
  • «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;
  • «Ғаламтордағы үздік жарияланым»;
  • «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым».

Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде де қатыса алады.

Конкурсқа 2020 жылғы 10 қазан мен 2021 жылғы 10 қазан (қоса алғанда) аралығында ресми жарыққа шыққан (жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі  бірегей авторлық материалдар қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Конкурс комиссиясы шығарады. Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2021 жылғы 1 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекенжайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, 343 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен немесе presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-56, 69-30-57, 69-30-53, 693059).

Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz және www.fnn.kz сайттары арқылы танысуға болады.

Конкурс ережесі (сілтеме)