Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорында сақталған сәндік-қолданбалы өнер туындыларының ішінде ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бәтима Зәуірбекованың «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» гобеленінің алар орны ерекше.
Бұл жәдігерді 2013 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы қызметін атқарған кезінде сыйға тартқан болатын.
Түс кілем түрлі-түсті жүн жіптерден тоқылған қол жұмысы. Паннода Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында орналасқан ақын және уағызшы Қожа Ахмет Ясауи бейітіндегі кесене бейнеленген.
Қожа Ахмет Ясауи – сопылықтың түркі тармағындағы насихатшысы, ойшыл, ақын. Оның туындылары «Диуани Хикмет» («Ақыл кітабында») сақталған. Өмірбаяндық деректері шашыраңқы. Ахметтің тұлға болып қалыптасуы оның 17 жасында Яссы қаласына келуімен (VI мен XV ғғ.Түркістан қаласының бұрынғы атауларының бірі) байланысты. Кейін ол Бұқараға барып Хамаданидің шәкірті атанады. Сопылықтың қыр-сырын меңгерген Ясауи Яссы қаласына келіп, Арыстан бабтың дәстүрлі жолын жалғайды. Оған қажылар ағылады.
Аңыз бойынша, Ясауи 63 жасында Құдайға қызмет ету үшін дүниенің қызығынан бас тартуға мәжбүр болады. Ол Яссы қаласының мешітінің жанындағы жер асты қонысында қалған өмірін өткізеді. 1166 жылы Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болады, оны елі Яссыдағы шағын кесенесіне құрметтеп көпшілік қажылық пен мұсылмандары жерленген. 1395 жылы ұлы қолбасшы Темірдің бұйрығы бойынша Ясауидің шағын мазарының орнына Қазақстанның ортағасырлық архитектурасының жауһары саналатын орасан зор кесене тұрғызылды.
Көп ұзамай мазарда пайда болған мемориалдық кешен бүкіл Орталық Азияда ғибадат ететін орынға айналды. Бұл адамзаттың ең ұлы туындылары тізіміндегі Қазақстан Республикасының алғашқы тарихи ескерткіші болды.
Түс кілемнің авторы Бәтима Зәуірбекова – республикалық және халықаралық сәндік-қолданбалы өнер көрмелерінің тұрақты қатысушысы. Оның жұмыстары Қазақстан, Ресей, Түркия, Швейцария, Франция, Италия және Иран елдеріндегі көптеген көрмелерге қойылды. Суретішінің картиналары мен гобелендері бүкіл әлем бойынша мемлекеттік және жеке коллекциялар мен қорларда сақталған.
Бәтима Зәуірбекованың шығармашылығымен 1970-жылдары басталған қазақстандық гобелен тарихының тұтас бір кезеңі тығыз байланысты.Оның туындылары әрқашанда танымал және біртума, шеберлігімен, терең сезімділігімен, тұрмысқа философиялық мән беретіндігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы мәдениетінің бастауларынан нәр алған Бәтиманың жұмыстары ырғақтың өзгеше әуенімен, түстердің таңғаларлық құбылмалылығымен және ассоциациялық ойға бай болуымен көзге түседі. Көптеген жылдар бойы Бәтима Зәуірбекова тарихқа, ежелгі материалдық мәдениетке, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ою-өрнектелген өнеріне қызығушылық танытып келеді. Бүгінде оның шығармашылығында 300-ден аса гобелен бар.
«Гобелен – текті өнердің туындысы. Ол ерте заманда ақсүйектердің сүйікті өнері болып саналатын, құнын қымбат ұстады, сол дәуірде өмір сүргендер жарасымды-жағымды аура беретіндігі үшін ерекше әспеттей білді. Жіпке жан бітіру оңай емес, гобелен – өте қиын өнер. Қылқаламмен сурет салу бір басқа, қызылды-жасылды жіптерді жиі-жиі алмастыра, бір түсті екінші түспен үндестіре отырып түрлендіріп өрмек тоқу ол мүлде бөлек өнер», - дейді өзінің бір сұхбатында Бәтима Зәуірбекова.
