ЕҚЫҰ-2010 САММИТІ: ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК КӨШБАСШЫ РЕТІНДЕ

2010 жылы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі мемлекет тарихындағы маңызды оқиға болды.

ЕҚЫҰ-ның тарихында алғаш рет басқару посткеңестік республикаға өтті. Қазақстан Азия мұсылман және түркітілдес әлем елдері тарихында бірінші болып, ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында алғаш рет еуразиялық кеңістіктегі ең беделді ұйымдардың бірі ретінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті.

1999 жылы Ыстамбұлда өткен жоғары деңгейдегі кездесуден кейінгі 11 жылдық үзілістен кейін Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі аясында  ХХІ ғасырда тұңғыш рет 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астана Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы мемлекеттердің басшыларын қабылдады.

Саммитке 56 елдің мемлекет және үкімет басшылары, саяси қайраткерлері, 600-ге жуық халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. 1500 журналист форум жұмысын жария етті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің алғы сөзінде «біздің халықтарымыздың қауіпсіз болашағы үшін бірге әрекет етуді жалғастыруға саналы ойдың салтанат құру» маңыздылығын атап өтіп, сонымен қатар Қазақстан алдында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымын дағдарыстан алып шығу міндеті тұрғанын жеткізді.

Өз сөзінде Елбасы ЕҚЫҰ саясаты мен құрылымында мазмұнды және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігі туралы мәлімдеп, ұйымның себеттері мен институттары санын кеңейтуді, оның ішінде Астанада (Нұр-Сұлтан) орналасуы мүмкін ЕҚЫҰ қауіпсіздік институтын құруды ұсынды.

Атап айтқанда, Н.Ә. Назарбаев конфессияаралық толеранттылықты ЕҚЫҰ-ның жеке өлшеміне бөліп, осы мақсатта әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің алаңын пайдалана отырып, «Жаңа онжылдықтағы толеранттылық» құжатын әзірлеуді ұсынды. Ол сондай-ақ трансшекаралық қылмыспен, есірткі тасымалымен және заңсыз көші-қонмен күресті үйлестіру үшін ЕҚЫҰ елдерінің министрлер деңгейінде Кеңес құру туралы ұсыныс жасады.

Сонымен қатар Ұйымға төрағалық ету кезеңінде Қазақстан Республикасы атынан Н.Ә. Назарбаев Қырғызстанға саяси дағдарысты еңсеруге, ел ішіндегі қақтығыстың ушығуына жол бермей, ондағы жағдайды тұрақтандырдыруға көмектесті. Қырғызстанға 11 миллион АҚШ доллары сомасында гуманитарлық көмек жіберілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесіне қарап Елбасының мемлекетті басқарудағы бірегей қабілеттері мен өзге елдер арасындағы беделі туралы сеніммен айтуға болады.

Төрағалық ету кезеңінде ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық өлшеміне ерекше назар аударылды. Нұрсұлтан Назарбаев әлемді дамыту үрдісі мен дағдарыстан кейінгі реал ескерілетін «Маастрихт плюс» атты ЕҚЫҰ-ның жаңа құжатын әзірлеу туралы бастаманы көтерді. Экономикалық қауіпсіздікті нығайтудың басымдығы, сондай-ақ қаржылық-экономикалық қауіпсіздікке баса назар аудару идеялары саммитке қатысушы елдер арасында толық қолдау тапты.

Н.Ә. Назарбаев баяндамасында ядролық полигондардың бұрынғы аумақтарын жаңғырту, Арал мәселелері және басқа да өзекті экологияның жаһандық проблемаларды қарайтын қоршаған ортаны қорғау саласында ЕҚЫҰ экологиялық форумын құру туралы сөз қозғады.

Н.Ә. Назарбаевтың ЕҚЫҰ Саммитіндегі негізгі бастамасы ұйымның еуро-атлант ұйымынан еуро-азия ұйымына ауысуы болды. Бұл төрт мұхиттың шекарасы: Атланттан Тынық мұхитына және Солтүстік мұзды мұхиттан Үнді мұхитына дейін ынтымақтастықтың бірегей кеңістіктікті қалыптастыруды білдіреді. Кездесу Еуразияның жүрегінде Нұр-Сұлтан қаласында өткенін ескерсек, Елбасының идеясының құнды екенін аңғаруға болады.

Саммит қорытындысы бойынша Астана декларациясы қабылданды, онда процеске қатысушылар Хельсинки актісінде және жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясында, сондай-ақ Ұйымның басқа да құжаттарында бекітілген ЕҚЫҰ міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын растады. Бұдан бөлек, қатысушы елдердің өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшеміндегі жұмысты жалғастыруға, жанжалдар мен тұрақсыздық ошақтарын реттеу, адам құқықтарын қорғау, сондай-ақ қауіпсіздіктің кезекті сын-қатерлерінің алдын алу мақсатында мәселені шешудің жаңа әдістерін енгізуге міндеттелді.

Қазақстан астанасында өткен екі күндік кездесу делегация басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Ұйымның экс-бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал еткендігін атап өтті. АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай хат жолдады, онда ол Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін айтып, саммиттің Нұр-Сұлтанда өткізілгенін ерекше атап өтті. БҰҰ экс-бас хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын тілге тиек етті.

Астанадағы Саммит – бұл еліміздің биік беделінің айқын көрінісі. Сондай-ақ ел жүргізіп жатқан теңдестірілген көпвекторлы сыртқы саяси бағыттың және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық бастамалары мен идеяларын мойындаудың айғағы.

Дерекөз:

https://www.akorda.kz/ru/national_projects/obse-2010_1338973041