ЭКОЛОГ ӘСЕЛ БАЙМҰҚАНОВА: «БІЗ ИТБАЛЫҚТАРДЫ ҚҰТҚАРУЫМЫЗ КЕРЕК»

Елбасы кітапханасының сайтында «Ұлы дала тарландары» арнайы ақпараттық жобасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасына қатысушыларының тарихы жарияланады.

Жобаның идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған және табыстылықты, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді және білімге құштарлықтың үлгілерін Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан нақты адамдардың өмір жолдары арқылы  ілгерілетуге бағытталған.

«Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр.«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы»,– деп атап өтті Елбасы.

Міне,бес жылдан бері Елбасы кітапханасы Білім беру жобасын жүзеге асыруда, оның аясында апта сайын жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп оқушылары, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын, соның ішінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалаларын зерделеуге бағытталған семинар-тренингтер өткізіледі.

Ал 2018 жылдан бастап «100 жаңа есім» кейіпкерлері спикер ретінде шақырылып, семинар қатысушыларымен кездеседі.  Басқосу барысында олар табысқа қалай жеткендері туралы тарқатып айтады.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2019» жобасының жеңімпазы Әсел Баймұқанова – жас эколог. Қазіргі уақытта Әсел Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігінде жатақтардың қалыптасуы кезіндегі Каспий итбалықтарының (Phoca caspica) экологиялық ерекшеліктеріне байланысты магистрлік диссертация бойынша жұмыс істейді.

Әсел Баймұқанова, сондай-ақ  ЦУР-14 «Теңіздің экожүйесін сақтау» көшбасшысы және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қазақстандағы эко-амбассадоры. Оның  9 ғылыми мақаласы бар, бірнеше рет әр түрлі экологиялық мектептердің, семинарлардың, конференциялардың спикері әрі қатысушысы болған.

Бойжеткеннің бұл мамандықты таңдауы кездейсоқ емес, оның әкесі – ихтиолог, зоолог, биология ғылымдарының кандидаты, ал әпкесі  гидробиолог.

«Менің әкем Марқакөл майқанын зерттеумен айналысқандықтан, маған өз өмірі мен ғылым туралы әртүрлі оқиғаларды жиі айтып отыратын.  Ол үнемі тек жойылып бара жатқан балық түрін ғана емес, сондай-ақ Шығыс Қазақстандағы таңғажайып көлдің қорына тәуелді адамдарды да сақтап қалатынына үміттенетін. Мен оның қолынан бәрі келетініне сендім әрі онымен бірге жұмыс істегім келді. Есейген сайын әрбір экожүйенің қорғауды қажет ететінін түсіне бастадым. Бірақ ол өзін адамның көмегінсіз қорғай алмайды. Енді біз әкем екеуміз Каспий итбалықтарын зерттеумен айналысамыз», - дейді жас ғалым.

Бойжеткен алғаш рет Каспий итбалығымен 2015 жылы Кендірлі шығанағында танысады. 

«Бұған дейін мен итбалықтарды тек мұзжарғыштан көргенмін. Ал оларды жақыннан бақылау деген мүлде бөлек сезім екен. Балықтардың  менің жаныма жүзіп келген сәттері де болды. Ол кезде олар менімен сәлемдесіп жатқандай сезілді. Итбалықпен арамыз екі метрге дейін қысқарған кезде балық аулайтын желілермен шатасып, қозғалыссыз жатқан итбалықты көрдім. Осы кезден бастап мен итбалықтарға қамқорлық танытып, олардың теңізінде көбеюіне барша күш салып, құтқару керек екендігін түсіндім, – деп еске алады ол.

Әсел Баймұқанова  «Гидробиология және экология институты» коммерциялық емес ұйымында  экологиялық ағарту ісі бойынша оператор және видеоинженер болып жұмыс істейді.

Институтта жұмыс істеген уақытта оның қатысуымен екі төлтүрлі 6 фильм жасалды: 4 фильм Каспий итбалығы туралы және 2 фильм  Марқакөл майқаны (ускуч) туралы түсірілген. Жуырда Каспий теңізінің жағалауындағы Түпқараған түбегінің маңында тасталған балық аулайтын ау мен  мен теңіз қоқыстарын жинау туралы – «Балық аулайтын ау мен қоқыстар теңізі»фильмі жарық көрді.

«Итбалықтар – теңіздегі өзгерістерге өте сезімтал жер бетіндегі  бірегей сүтқоректілер. Бүгінде олар азайып жатыр. Қазір Қазақстанға қарайтын Каспий теңізінің бір аумағында ғана итбалықтар мекен етеді, ол – Комсомол шығанағында Оппа ауданы мен Дурнев аралы теңіз ауданындағы кішігірім аумақ. Зерттеу нәтижелері бойынша олардың көпшілігі жетілу жасына жетпейтіндігін және популяциялық өнімде теңіз сүтқоректілерінің тіршілік ортасына бейімделігінің аз екенін көрсетті.  Дәл қазір оларды құтқару Каспий маңындағы бес  мемлекеттің басым міндеті болуы үшін күшейтілген режимде жұмыс істеу қажет. Мемлекетаралық зерттеулер жүргізу керек. Итбалықтар өмір сүре ме әлде жоқ па, қазір шешілуі тиіс. Олардың  өмір сүруіне біз  жауаптымыз. Теңіз сүторектілерінің тағдыры біздің қолымызда. Бос үмітке алданбай, нақты әрекет ету керек. Егер біз жұмыла жұмыс істейтін болсақ, онда әрбір адам онымен танысып,  оның тұңғиық та мұңлы көзіне ғашық болады», -деп атап өтті Әсел.