CІЗДЕРДІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы. Ізгілік пен жақсылықтың жаршысына айналған мейрам ықылым заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде жеткізілетін мәдени және рухани құндылықтарды қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтынын паш етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Барша табиғат жаңарған Наурыз мерекесінде адамдар әрдайым бір-біріне деген өкпе-ренішін кешірген, мұқтаждарға көмектескен, бақыт тілеп, ағаш отырғызған және бұлақ көзін ашқан. Бұл күні тілеген тілектердің міндетті түрде орындалатынын халық жиі айтады», - деген болатын.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш пен шаттық, құт-береке, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!