БҰҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА КЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори келді.

  

Экскурсия барысында музей экспозицияларына зор қызығушылық білдірген мейман Қазақстанның тарихына, мемлекеттің саясатына, президенттік институттың қалыптасу үдерісіне қатысты сұрақтарын қойып жатты. Ол Елбасы кітапханасы музейінің заманға лайық технологияларын жоғары бағалап, мультимедиалық экспозициялардың жәдігерлер мазмұнын аша түсетінін белгіледі.

 

Сапар барысында Микаэла Фриберг-Стори ханым Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболатпен де кездесті.

Мекеме жетекшісі Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісін Кітапхана қызметімен таныстырып, мейманға «Нұрсұлтан Өмірбаев. Өмірбаян» кітабын тарту етті. Ол өз кезегінде Елбасы кітапханасының ұжымына зор ризашылығы мен алғысын білдірді.