Үстіміздегі жылдың 20 қазанында Елбасы кітапханасында алғаш рет «БҰҰ моделі» ойынын тәжірибелеп жүрген елордалық студенттер ұйымының кездесуі өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі – бұл студенттер мен жоғары сынып оқушыларының БҰҰ-ның бірнеше ресми тілдерінде осы ұйым органдарының жұмыстарын көрсететін, дипломатиялық, лидерлік, шешендік және тілдік машықтануға, ымыраға келуге үйрететін ғылыми конференция мен рөлдік ойындардың жиынтығы.
БҰҰ моделінің қатысушылары – делегаттар, төрағалар, бақылаушылар мен сарапшылар – комитеттің күн тәртібіндегі сұрақтарын талқылау үшін конференцияға келген БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ресми өкілдері мен халықаралық ұйымдарының мүшелері ретінде сөз сөйлейді. Ойын барысында делегаттар өздерінің жеке көзқарастарын емес, өкіл болып отырған елдің ресми ұстанымын қорғайды. Әр комитеттің соңғы мақсаты – аталған сұрақтар бойынша қарар қабылдау.

Елбасы кітапханасында Назарбаев университеті мен Қазақ гуманитарлық заң университеті және «Волонтер EXPO: e-generation» ҚБ студенттік ұйымдардың лидерлері кездесіп, елордадағы «БҰҰ моделі» ойынын дамыту стратегиясы және жастардың қабілетін ашуға ынтымақтастық шарттарын талқылау үшін кездесті.
Кездесу ұйымдастырушысы – «Волонтер EXPO: e-generation» ҚБ төрағасы Уәлихан Бахретдинов «Астана. БҰҰ моделі» тақырыбын таныстырды. Ол «БҰҰ моделі» біртұтас қалалық жүйесін құрудың мақсаты жастар қозғалысы аясында мемлекеттік саясатты іске асыруға ықпал ету, Астанада және Қазақстан Республикасында «БҰҰ моделі» конференциясын насихаттау, жастардың саяси мәдениеті мен білімдерін дамыту, «БҰҰ моделін» өткізу арқылы халықаралық аренадағы Қазақстанның рөлін анықтау екенін айтты.

– Алғашқы бейресми кездесу жоғары оқу орындары ұйымының өзге де өкілдерімен жүздесіп, оларды Елбасы кітапханасының базасына біріктіру үшін ұйымдастырылады. Біз Елбасы кітапханасымен екі жылдан бері табысты ынтымақтастығымызды жалғастырып келеміз. Қалалық «БҰҰ моделін» үстіміздегі жылдың қараша, желтоқсан айында, ал 2018 жылы республикалық ойындарды өткізуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылы «БҰҰ моделін» халықаралық деңгейде өткізуді ұйымдастырмақпыз, – деді Уәлихан Бахретдинов.

20 октября т.г. в Библиотеке Елбасы прошла первая встреча столичных студенческих организаций, практикующих игру «Модель ООН».