БҰҰ-ДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАСТАМА: ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ҮШІН ЖАҢА СЕРПІЛІС

2007 жылы 25 қыркүйекте Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымдары Бас Ассамблеясының 62-сессиясындағы пікірсайыста БҰҰ реформалау және экологиялық мәселелер шешімін көрсететін жаһандық қауіпсіздікті нығайту бойынша бастама көтерді.

Елбасы өз сөзінде ядроға қарсы қозғалыстың бәрі мойындаған көшбасшысы ретінде кезекті рет әлемдік қоғамдастықты Қазақстанның жолымен жүруге, ядролық қарудан бас тартуға шақырды. Н.Ә. Назарбаев мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесін сақтауды қамтамасыз ететін халықаралық ынтымақтастық пен тату көршілік қатынастарды дамытуға бағытталған көпвекторлы бейбітшіліксүйгіш ішкі саясатты жоспарды түрде жүргізді. Бұл стратегия уақыт сынына төтеп беріп, тәуелсіз Қазақстанды құруда өлшеусіз үлес қосқанын көз көрді.

Республиканың Тұңғыш Президенті 90-жылдары мемлекеттердің өз әскери бюджетінен ерікті түрдегі бір проценттік аударым жасау есебімен БҰҰ-ның бітімгерлік қорын құру туралы бастама көтергенін еске салды. Әрі қарай бұл идеяны БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун қолдап, әлемдік әскери шығындардың бір пайызын даму мақсатына жұмсауды ұсынды.

Н.Ә. Назарбаев өз баяндамасында өркениеттер мен діндерді жақындастыруға бағытталған халықаралық бастамаларға назар аударды. Соған байланысты Елбасы БҰҰ-ға мәдениеттер мен діндерді жақындастырудың Халықаралық жылын жариялауды, ал 2009 жылы өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ Съездін БҰҰ қолдауымен өткізуді ұсынды.

Қазақстанның халықаралық энергетикалық нарықтағы қарқынды дамыған рөлін атап өте келе Елбасы БҰҰ шеңберінде Жаһандық энергия экологиялық стратегия жасауға бастамашылық етті және энергия ресурс өндірушілері үшін кепілдік беретін және тұтынушыларға энергия жеткізушілер жеткізілімдерін әртараптандыруға  мүмкіндік беретін энергия жеткізілімдер тұрақтылығының Еуразиялық пактін қабылдау қажеттілігін дәлелдеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті БҰҰ қызметін реформалау бойынша бастаманы қолдайтынын атап айтты. Себебі Қауіпсіздік Кеңесін кеңейту мәселелерінде (тұрақты және тұрақсыз мүшелерін) мемлекеттердің егемендік теңдігіне сый-құрметпен қарай отыра географиялық қатысуының  әділеттілігін ескеру қажет. 

БҰҰ-ның адамзаттың тұрақты дамуға көшу туралы идеясын қолдай келе Елбасы БҰҰ-на ұсынған бастамаларының жүзеге асу барысына тоқталды. Соның ішінде Н.Ә. Назарбаев сонау 1992 жылдары айтылған Азияда өзара іс-қимыл мен шаралар Мәжілісін өткізу туралы бастамасының сәтті жүзеге асқанын жеткізді. Бүгінгі таңда Азия өзара іс-қимыл мен шаралар Мәжілісіне 20-дан астам мемлекеттер мүшелігінен тұрады және ол өзін Азия құрлығындағы мемлекеттердің тиімді өзара іс қимыл механизмі, мемлекеттерді біріктіретін халықаралық форум, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азиялық мемлекеттер ынтымақтастығы мен өзара қарым қатынасын қамтамасыз ететін пікірсайыс алаңы ретінде көрсетті.

Елбасы 2002 жылы қыркүйекте тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбург саммитінде БҰҰ шеңберінде әлемдік экологиялық мәселелер Тізілімін құру туралы ұсынылған қазақстандық бастаманы атап айтты.

Экологиялық апаттармен күрес механизмдерін жасаудағы негізгі құжат ретінде тізілімді ұсына отыра оның мақсаты әлемдік экологиялық жағдайдағы үрдістер туралы БҰҰ мүше-мемлекеттер арасында ұдайы ақпарат алмасу екендігі айтылады.

Қазақстан Республикасының аумағында екі ірі экологиялық апат анықталған: жойылып бара жатқан Арал теңізі аумағы және Семей полигонымен байланысты аумақ. Соған байланысты Елбасы үнемі БҰҰ-да экологиялық мәселелерді көтеріп отырады: бұл бір ел жалғыз өзі шеше алмайтын мәселелер, оның үстіне қазақстандық немесе кез келген басқа елдің осы мәселені шешудегі тәжірибесі аса қажет болуы мүмкін.

Н.Ә. Назарбаев Арал теңізін қалпына келтіру үшін көп жұмыс атқарылғанын, алайда әлемдік қоғамдықтастықтың күшін біріктірмей бұл мәселені толық шешу мүмкін емес екенін атап өтті. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Аралды құтқару бойынша Халықаралық қорға БҰҰ институты мәртебесін қайта беруді ұсынды.

Әлемдік қоғамдастық мемлекеттері экологиялық стратегияны жасау үшін экономикалық даму мен экология мәселелерін бір мезгілде шешуді ұсынатын тұрақты даму тұжырымдамасына сүйенеді. Мемлекеттердің келісе отырып жұмылдырылған күші адамдар арасында бірыңғай және тұтас жүйені ескере келе әлемдік қоғамдастықтың тұрақты дамуға сәтті қадам жасауына ықпал етеді.

Елбасының жоспарлы және көреген саясатының арқасында Қазақстан бүгінде ресурстарды тиімді қолдануды арттыра, өмір сүру жасын ұзарта, экологиялық индекстің өсімін қамтамасыз ете отырып, тұрмыс деңгейі сапасы жағынан әлемнің дамыған және анағұрлым бәсекелес елдері қатарынан табылуда. Оның бұл орны тұрақты дамудың негізгі қағидаттарына сәйкес келеді: болашақ ұрпақты сондай мүмкіндіктен айырмай, залал келтірмей қазіргі дәуір адамдарының өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл ретте тұрақты дамудың негізгі критерийлері сақталады: санға қарағанда сапалық көрсеткіштердің басымдығы: биологиялық және мәдени саналуандықты сақтау; табиғи үдерістердің эволюциялық мерзімділігімен табиғат пайдалануда ортақ мәміледе болу.

Еске сала кетейік, Йоханнесбург саммитінде түзетуді қажет ететін бес негізгі сала анықталды: таза су, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығындағы өнімділік, энергетика, биологиялық сан алуандылық және экожүйені басқару.

Өз сөзі арқылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қоғамның дамуына жаңа серпіліс берді. Жаһандық бастамалар авторы ретінде Н.Ә. Назарбаев әлемнің жаңа архитектурасын құруға өз үлесін қосуда, жаһандық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздікті іс жүзінде қамтамасыз ету үшін қоршаған ортада халықаралық ынтымақтастықты жақсартудың оңтайлы тәсілдеріне бастама көтереді.

 

Дереккөз:

ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы сайты –

http://www.akorda.kz/upload/hronika/hronika_swf/2007/index.html

ҚР Президентінің сайты –http://www.akorda.kz/ru/special/events/prezident-kazahstana-nursultan-nazarbaev-vystupil-na-debatah-62-i-sessii-generalnoi-assamblei-organizacii-obedinennyh-nacii-v-nyu-iorke-s-in

 «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы»http://adilet.zan.kz/rus/docs/U060000216_