Елбасы кітапханасының «Музей және балалар» ғылыми-ағартушылық жобасы (бүлдіршіндергеарналған әліппе-жол көрсеткіш) аясында № 9 «Нұршашу» балабақшасының тәрбиеленушілеріне «Экспонаттар сөйлейді...» сериясынан «Менің шежірем – ел шежіресінің бөлшегі» тақырыбында музей онлайн-сабағы өткізілді.

Сабақтың тақырыбы әр баланың дүниетанымын дамытуға ықпал етіп, балаларды ұлт мәдениетімен таныстырады, ата-анаға, әулеткедеген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелейді. Сабақ барысында балалар ойынның көмегімен әңгіме жүргізуді, сұрақтарға жауап беруді үйреніп, түрлі тапсырмаларды орындаудашеберлігі мен қабілетін көрсетті. Олар «әулет шежіресі» деген ұғыммен алғаш танысты.
– Балақайлар бүгінгі сабақтың мазмұнын ұнатты. Оның арқасында олар шығу тектеріне қызығып, туған жерін мақтан ете түсті. Отбасы шежіресі – әулеттің тарихы, ел тарихының кішігірім бөлшегі. Балалар мәз. Осы тұрғыда тәрбиеші ретінде балаларға отбасының, қаланың, елдің тарихымен таныстыратын шараларды көбірек өткізу керектігін аңғарып отырмын. Балаладың қызығушылығы мен зейінін оятқан Елбасы кітапханасына мың алғыс. Сабақтан соң балаларбабаларын сұрастырып, шежіре ағашын салатынына сенімдімін, - дейді балабақша тәрбиешісі А. Атанова.
– «Менің шежірем – ел шежіресінің бөлшегі» сабағы өте танымды өтті. Шыны керек, Елбасы кітапханасының мамандарын тыңдау маған да қызық болды. Мұндай тақырып кез келген адамды өмір бойы толғандырады. Отбасы тарихына тоқталған адам белгілі бір кезеңде елімізде болған маңызды оқиғаларды да есіне алады. Себебі әр отбасы – көп ұлтты елдің ажырамас бөлігі. Осы тұрғыда балалар да, біз де маңызды ұғымдарға қол жеткізіп отырмыз, - деді №9 «Нұршашу»балабақшасының әдіскері А.Махметова.
