БҮГІН – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мемлекеттік және қызметтік міндеттерін орындауда қаза тапқан азаматтар және бейбіт тұрғындардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Сонымен қатар, қайғылы оқиға тұсында зардап шеккен жандарға қолдау білдіргіміз келеді.
Халқымыздың күші – бірлікте. Қазіргі қиын-қыстау кезеңде ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының жарқын болашағы үшін қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға және жұмылуға міндеттіміз.