«БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ » – 2021

Бүгін Елбасы кітапханасында «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингтерінің жаңа маусымы басталды.

 Бірінші вебинарға Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысты.

- 2015 жылдың қазан айынан бастап, Кітапхана еліміздің студенттері мен оқушыларына арнап екі күндік оқу семинарларын ұйымдастыру жобасын сәтті жүзеге асырып келеді.  Бүгінде бұл жобаға 10 000-нан астам тыңдаушы қатысып үлгерді.  Оқу семинарларының тақырыптары қоғамдық-саяси күн тәртібіне сәйкес жыл сайын жаңартылып отырады.  2020 жылдан бастап, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты екі күндік оқу семинарлары онлайн режимінде өткізілетін екі күндік вебинарларға ауыстырылды.  Шарамызды жаңа ғимаратымызда өткізгіміз келгенімен, әлемдегі ахуалдың талаптарына сай тәртіпті сақтауымыз шарт. Десе де, онлайн тренинг барысында тыңдаушыларымызға арнап мекемеміздің ғылыми қызметкерлері әзірлеген дәрістер циклынан тренингтер мен практикалық жаттығулар өткізіледі.  Вебинарымыз сертификатталған. Оның аясында біз «Ең мазмұнды жоба» мен «Оқу семинарына белсенді қатысқаны үшін» алғыс хаттарын ттабыстау арқылы курс тыңдаушыларын ынталандырмақпыз, - деді іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат. Ол студенттердің дәріскерлер мен жаттықтырушылармен онлайн кездесуі сындарлы, іскерлік форматта өтетініне сенім білдірді.

Орта мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушылар мен оқытушыларға, мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған оқу семинары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын, мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды зерделеуге, түсіндіруге және насихаттауға арналған мамандандырылған сараптамалық білім алаңы.  Тренинг барысында тек теориялық материалдармен қатар сыни және жобалық ойлауды дамытуға, көшбасшылық қасиеттерге, топтық жұмысқа, сондай-ақ әртүрлі жаттығуларды орындау арқылы дәріс материалын бекітуге бағытталған тренингтер өткізіледі.  Жоба 5 жылдан астам уақыттан бері сәтті жүзеге асырылып келеді.

 2015 жылдың қазан айында жұмысын «Әлемді өзгертетін идеялар» деген атпен бастаған семинар-тренинг жыл сайын жаңартылып отырады.  2017 жылы семинардың тақырыбы тарихи, саяси, экономикалық және идеологиялық өлшемдерде талданған Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы болды.  2018 жылғы семинар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына негізделген.  2019 жылы семинар «Болашаққа бастар жол бәрінен басталады» деп аталды.  Оның негізіне Н.Ә.  Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары, сондай-ақ Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы алынған.

 2020 жылғы вебинарлар бағдарламасы бағдарламалық құжаттардан басқа, ұлттық және халықаралық деңгейдегі маңызды оқиғалар мен есте қалар күндерді, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын, әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын және Елбасының жаһандық қауіпсіздік мәселелерін шешуде бейбітшілік үшін ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күрескер мәртебесін,  мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жолдаулары мен мақалаларын қамтиды.

 Биыл еліміз Тәуелсіздіктің, Семей полигонының жабылуының және алғашқы президент сайлауының 30 жылдығын атап өтпек. Бұл тақырыптар да 2021 вебинарларының мазмұнына  енген.