№8 мектеп-лицейінің оқушыларына арналған Елбасы кітапханасы музей сабағының тақырыбы Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне негізделді. Балалар тәуелсіз мемлекеттің нышаны ретінде еліміздің сайлау жүйесі мен азаматтар құқығының қалыптасу ттарихын зерделеді. Жоғары сынып оқушылары сайлауға қатысушы елдің әрбір азаматының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің маңыздылығына қатысты өз ойларымен бөлісті.
Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда ашық және әділ сайлау өткізу мақсатында азаматтарды құқықтық тәрбиелеудің үздіксіз жүйесіне, сайлаушылардың дамуы мен қоғамдық белсенділігіне жағдай жасауда ауқымды жұмыстар жүргізілді. Сабақ барысында балалар мысал ретінде ағымдағы жылдың 10 қаңтарында өткен ҚР Парламентінің сайлауын келтірді. Сайлауға қатысты алғашқы білімді балалар жексенбіде дауыс беруге баратын ата-анасынан алатыны белгілі. Осылайша азаматтық тәрбиенің негіздері қаланады.
Сайлауға барудың маңыздылығын, праймериздің не екенін, Президенттің, Парламенттің және мәслихат депутаттарының сайлауы қалай өтетінін балалар қысқа дәріс арқылы да, Елбасы кітапханасында сақтаулы тұрған тарихи құжаттар мен архивы деректерінің көмегімен де қарастырды.
Сабақтың практикалық бөлімінде ұйымдастырылған тренингте жастар сайлау тақырыбын талқылады. «Мен сайлауға қатысамын» тапсырмасына сәйкес, жастар мектептегі өзін-өзі басқару органының президентін сайлады. Бұл бөлімде оқушылар өздерінің көшбасшылық қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін және сұхбат орнату қабілетін көрсетуге тырысты.
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев былай дейді: «ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады». Елбасы кітапханасы музей сабақтарының өзінің түп мақсаты ретінде жасөспірімдердің коммуникативті дағдылардын дамытуды, мемлекет тәуелсіздігі тарихын, оны құрудың маңызды кезеңдерін оқыту, үйрету арқылы жас ұрпақ бойында жауапкершілік пен патриотизмді қалыптастыруды көздейді.


