Үстіміздегі жылдың 14 ақпанында Елбасы кітапханасының Музейінде Ғылыми-білім беру бағдарламасының аясында елорданың № 62 мектеп-гимназиясы мен № 71 мектеп-лицейінің оқушыларына арналған «Қазақстанның олимпиада чемпиондары» дәрісі оқылды.
Спорт – әрбір қазақстандықтың салауатты өмір сүру салтының сапасын, ұлттың бәсекеге қабілеттілін арттырудағы маңызды фактор. Сондықтан да спорт және дене шынықтыру түрлерін дамыту мен насихаттау жалпыұлттың міндеті іспеттес. Мұндай тақырыптың, әсіресе, Пхенчхан қаласында өтіп жатқан 23-ші қысқы Олимпиада ойындары тұсында өзекті екені сөзсіз.

Дәріскер Елбасы кітапханасы Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Дәметкен Кушунова тыңдаушыларды олимпиадалық қозғалыстың тарихымен, біздің елімізде өткен айтулы спорт додаларымен, отандық олимпиадалық чемпиондардың жетістіктерімен және жеңістерімен таныстыра келе, олардың Қазақстанда спортты насихаттау мен салауатты ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөліне тоқталды.
Дәріс барысында музей жәдігерлері, фото- және бейне құжаттар қолданылды.
Дәріске қатысушылардың басым бөлігі спорттың әртүрімен белсенді шұғылданатындықтан дәрісті бар ынталарымен қабылдап, көптеген сұрақтар қойды.

– Маған тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың қалыптасуы, тұңғыш чемпиондар туралы әңгіме қатты қызықтырды. Спорт тақырыбы жаныма жақын. Себебі бес жасымнан жүзумен айналысамын. Бірнеше республикалық жарыстарға қатыстым. Былтыр Көкшетау қаласында өткен жарыста алтын медаль жеңіп алдым. Болашақта сүйікті спортшым – Дмитрий Баландин секілді олимпиада чемпионы атанып, Қазақстанның спорт қоржынын тағы бір алтын жүлдемен толтырамын деп үміттенемін, – деді.

Ульяна Ударченко:



– Қазақстандық спортшылар мен олардың қайырымдылық істері жөнінде көптеген қызықты әрі тың деректермен таныстым. Менің сүйікті спортшым, зілтемір майталманы – Илья Ильин. Ол алып күш иесі болса да,
мен оның жылы жүзі мен мейірімділігін адамның бойындағы ең басты қасиет деп бағалаймын.
