Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының "Кемел ел" Жастар тәрбиесі орталығы мүшелері 2014 жылдың 29 тамызында Астана қаласының мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Мерекелік іс-шара Білім күні мен жаңа оқу жылының басталу қарсаңында ұйымдастырылды. Кездесуге жоғарғы сынып оқушыларынан- интелектуалды жарыс жеңімпаздары иен оқу үздіктері шақырылды. Кездесуге қатысушылар астананың ең көрнекі орындарының бірі болған жаңа ғимаратымен танысушылардың алғашқылары болды. Елбасының жеке Кітапханасымен және интерактивті зкспозиция контенттерімен танысу олардың қызығушылықтарын тудырды. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің басшысы, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасының кітапханасы" ММ директорының міндетін атқарушы М.Б.Қасымбеков қатысушылардың алдында сөз сөйледі. Ол кездесу мақсаттарын айтып, балаларды тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасауға шақырды. Махмұт Қасымбеков Кітапхананың мүмкіндіктеріне ерекше тоқталып, Қазақстанның жаңашыл тарихына қызығушылықпен қарайтындарға ашықтығын айтты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасының кітапханасы шығарған "Біздің Президент" атты жаңа кітабымен жиылғандарды таныстырды. Ол кітаптың орта және жоғарғы буындағы мектеп оқушыларына арнайы жазылғандығын атап айтты. «Кітаптың негізгі идеясы, – Елбасының қызметі мен өмірі туралы балаларға түсінікті де қарапайым тілмен жеткіздіру екендігін айтты. Кітаптың орыс тіліндегі басылымы 23 мың дана таратылыммен шықты. Мемлекеттік тілде кітап шығарылымға дайындық үстінде. Жақын уақытта кітап барлық аймақтарға бөлініп, көзделген орындарға жеткізіледі. Аймақтарда кітап оқу нысандарына таратылады. Кітаптың мыңнан аса данасын Жамбыл облысына жөнелтуге дайындалудамыз».
"Кемел ел" Жастар тәрбиесі орталығы мүшелері іс-шараға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің басшысы М.Б.Қасымбековке алғыстарын білдірді.
Кездесу барысында Н.Ә.Назарбаев туралы "Біздің Президент" деректі повесінің таныстырылымы болды. Таныстырылымды "Кемел ел" Жастар тәрбиесі орталығы мүшелері ұйымдастырып, өткізді. "Біздің Президент" кітабы тарихтағы ең қызықты да, ең маңызды есептелетін тақырыпқа арналды. Бұл- жаңа тәуелсіз мемлекеттің туылуы мен басшы тұлғасының рөлі.
" Кемел ел" Жастар тәрбиесі орталығы мүшелерінің сөз сөйлеуі.
Астана қаласының "Жас Ұлан" Республикалық мектебінің оқушысы Естаев Ақтөре: “Ата-бабамыз аңсаған қазақ елінің Тәуелсіздігі Кеңес одағының құлдырауымен жетті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің білімділігімен, қажымас қайсар мінезінің арқасында елдің даму жолында Қазақ елінің алдында тұрған белестерден сүрінбей өткізді. Мен бұл кітаптан алған әсерім жүрегімнің төрінде орын алды, патриоттық сезімімді оятты, Тәуелсіздік пен бейбіт өмірдің қадірін жоғары бағалауға үйретті. Кітаптың авторларына үлкен алғысымды білдіремін”.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің 3 курс студенті Асанова Еңлік: “Тәуелсіз Қазақстан жаңа мемлекеттің маңызды да драмалық кезеңі болып, мемлекет іргетасының қалануы мен оның алғашқы жылдардағы қиын қалыптасуы және әлемдік қауымдастық мойындауының бастауы болып тарихқа енді. Өз ауқымындағы маңызды да тағдыршешті оқиғалардың бірінен кейін бірі болып шапшаң құбылған қарбаластық уақыт болды. Осы қиын уақытта билік басында ауыр жүкті иғымен көтеруден қорықпайтын және батыл шешім қабылдай алатын, біздің мемлектіміздің болашағын айқындап берген - біздің Тұңғыш Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды”.
Астана қаласы №36 мектеп оқушысы Шугай Адина: “Біздің Тұңғыш Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен мемлекетіміздің тарихы туралы түсінікті тілмен баяндайтын "Біздің Президент" атты жаңа кітабы жарық көрді. Мен бұл кітапты бас алмай оқып шықтым. Бұл кітап біздің Отанымыздың өткенін айтып қана қоймай тұлға бойында азаматтық пен отансүйгіштікті қалыптастырады. Біз бір-бірімізге ұқсас әрі жақын және қымбатпыз. Қазақстандықтар болып, өз Қазақстанымызды жақсы көруіміз -бізді бауырластырады. Біз өз Отанымыздың тарихын білуге міндеттіміз деп есептеймін! “Қазақтың тек өз төл тарихы, әдебиеті мен мәдениеті әлі талай ұрпақ үшін таусылмайтын қазына. Ұрпаққа өнеге болар өзіміздің хан-сұлтан, батыр-бағлан, би-шешен, ақын-жазушыларымыз қаншама. Ендеше, біз неге әйтеуір киіз туырлықта дүниеге келді екен деп, есте жоқ ескі дәуірдің ерлерінің жыртысын жыртамыз. Қайта, керісінше, бүгінгі ұрпаққа өз ата-бабамыздың өнегелі тарихын ұсынбаймыз ба?! Ұлттық тәрбиенің өзі осындайдан басталмаушы ма еді?!-деген Нұрсұлтан Әбішұлы.
Астана қаласының Қазақ-түрік лицейінің 11-ші сынып оқушысы Сарбасов Алихан: “ Мектепті аяқтаған Президенттің алдынан дербес өмірдің қызықты да беймәлім көкжиектері ашылды. Бұл кітаптан мен Президенттің ұшқыш болуы мүмкін болғанын оқып таңырқадым. Себебі, 1958 жылы ол Киев азаматтық авиация институтына емтихан тапсырып, конкурстан табысты өтіпті. Тек, оның таңдауын отбасы құптамаған. Сол жылдың қыркүйегінде Теміртау қаласына барып металлург болуға шешім қабылдады. Он сегіз жастағы Нұрсұлтан тағдыр бастауына жол тартты. Мен біздің Президенттен үлгі аламын. Оның өмір жолы қарапайым шопан отбасынан шыққан бала бүкіл бір мемлекет Президенті бола алатынын дәлелдеді”.
Астана қаласы Қазақ - түрік лицейінің 11-ші сынып оқушысы Таласбаев Адлет: “Сіздің рұқсатыңызбен мен осы кітаптан бірнеше жолды мысалға келтірсем:Қанжардың ұшындай биік те өткір гранитті шыңыраудың басында жас қыран, алыс жолға ұшуға қанатын жайыпты. Бұл жас Нұрсұлтанның кәмелеттік өмірге аяқ басқан бейнесін білдіреді. “Біздің Президент” кітабынан мен бозбала Нұрсұлтанды Украинағы Днепродзержинскідегі өзі оқыған металлург зауытына жібергенін білдім. Оқуды үздік бітірген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Магниткасына келеді. Ол қысқа мерзім ішінде қиын домнашы мамандығын игеріп алды. Магнитка алғашқы шойынды бергенде жас Нұрсұлтан домна пешінің жанында тұрды. Сегіз айдың ішінде біліктілігін екі разрядқа көтеріп, ірі металлургия зауытында екінші көрікшісі болды.
Нұрсұлтан шойынды балқытып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Жас Нұрсұлтан Әбішұлының көшбасшылық қасиетін байқамау мүмкін емес еді. Мен ешқашан кітап жазған емеспін және оның не екенін білмеймін. Дүниеде бар адамды, мемлекетіміздің президенті туралы кітап жазуды мен білмеймін. Бірақ мен бір нәрсені нық айта аламын: мұндай кітапты оқыған өте қызық”. Кітаптың таныстырылымнан кейін кездесуге келгендерге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасының кітапханасына саяхат жасады.












