Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы мектеп оқушылары үшін «Біздің ел – біздің Елбасы» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.
Мұндай жұмыс түрін қолданысқа енгізу интерактивтік үстелдер контентінің білім беру потенциалынан туындайды. Оқытуды ұйымдастыру – бұл Қазақстанның жетістіктері мен ниет-мақсаттарын кітаптар мен оқулықтарға қарағанда айқын ашатын Елбасы идеяларын түйсіндірудің ерекше тәжірибесі.
Оқытушы сабақтардың мақсаты – Елбасының идеялары мен бастамаларын оқып үйрену, Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерттеу.
Семинар-тренингке Қазақстанның қазіргі заман тарихына қызығушылық танытатын Астана қаласы мектептерінің үздік оқушылары шақырылды.

Семинар қатысушылары – Астана қаласының мектеп оқушылары
Интерактивті үстелдер контенті Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заман тарихы оның Президентінің идеяларының тарихы болып табылады деген тұжырымдамалық ережеге негізделеді.
Семинар-тренингтің мақсаты –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «әлемді өзгерткен» идеялары мен бастамаларының жасампаз қасиетін ашу.
Семинар-тренингтің жаттықтырушылары медиалық мүмкіндіктердің кең ауқымын пайдалана отырып, оқушыларды Елбасының тұжырымдамалық ниеттерімен таныстырып өтті.
Әрбір сабақтың басында қатысушыларға интерактивті үстелдер тақырыбы бойынша деректі бейнефильмдер көрсетілді. Оқушыларға интерактивтік қосымшалармен өздігінен жұмыс жасап көруге мүмкіндік берілді.
«Бастама және әріптестік» интерактивті үстелі
Қазақстанның қазіргі заманғы және келешектегі экономикалық жетістіктерінің негізіне салынған тұжырымдамалық қағидаттар «бастама және әріптестік» тақырыбында ұсынылған. Бұл елді тоқсаныншы жылдардағы дағдарыстан шығарудан бастап «2050 Стратегиясын» жүзеге асыруға бағытталған бағадарламаларға дейінгі тарих.
Топтың контенттің мазмұнын оқып-үйрену бойынша жұмысы келесі бағыттар бойынша құрылды:
Тақырып бойынша бейнефильмді көру
Интерактивтік қосымшалармен өздігінен жұмыс істеу
Қиын сұрақтарға жауап іздеу
Деректі және мұрағат материалдарымен жұмыс істеу
«Жұмсақ күш» интерактивтік үстелі
Бейбітшілікті сақтау, сонымен бірге әріптестік пен интеграцияға жол ашу «Жұмсақ күш» интерактивтік үстелінің негізіне алынды.
Тапсырмаларды орындау қатысушылар үшін қиынға түспеді
Экспонаттармен жұмыс жасау
Қызықты экспонатты талқылау
Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасау
«Біздің айналамыздағы әлем» интерактивтік үстелі
«Біздің айналамыздағы әлем» тақырыбы адамзат алдындағы тұрған: ядролық қауіпті шектеуден бастап экологиялық мәселелерді шешуге дейінгі жаһандық міндеттерді шешетін Елбасы идеяларының негізін мән-мағынасын ашады.
Сабақтың басталуы
Интерактивті контентпен танысу
Семинардың үздік қатысушылары үшін өздігінен экскурсиялар өткізу мүмкіндігі көтермелеу болып табылды. Робот-экскурсия жүргізушіні басқару қатысушылардың қызығушылығын оятты.
Семинар-тренингтің үздік қатысушылары атанғандар:
Сергеев Александр, Астана қаласының №28 мектеп оқушысы
Қуанышев Арсен, Астана қаласының №15 мектеп оқушысы
Сабақтың бітуі қарсаңында семинар-тренинг қатысушыларына сертификаттармен қатар «Наш Президент» (орыс тілінде) мен «Еркін елдің ертеңі» атты кітаптар тарту етілді.
Семинар-тренинг аяқталғаннан кейін
Жұмыс аяқталғаннан кейін семинар-тренингке қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Жұмабекова Айсана
«Біздің ел – біздің Елбасы» атты семинар-тернингке қатысуға шақырғандарыңыз үшін үлкен рахмет. Сіздердің интерактивті экспозицияларыңыз маған қатты әсер қалдырды. Бүгін мен орасан зор білім алдым, мұның маған келешекте де пайдасы болатындығына сенімдімін».
Сергеев Александр
«Алдымен мұндай қызықты іс-шараны өткізіп отырған ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Іс-шараның форматы маған өте қатты ұнады, барлығы еркін әрі достық сипаттағы әңгіме сияқты болды. Маған робот-экскурсоводпен жұмыс жасап көруге мүмкіндік туды. Өте қызық болды, бұл біздің соңғы кездесуіміз емес деп ойлаймын».