Елбасы кітапханасындағы кезекті семинар-тренинг Қызылорда облысында қаза болған әскерилерді аза тұтқан бір минут үнсіздікпен басталды. Қатысушылар арасында Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушылары, магистранттар мен докторанттар.
13 адамның өмірін жалмаған әуе апаты 27 наурызда болды. Қызметтестерін еске алған университет әскерилері күрделі жағдайда болаттай беріктік танытқан экипаждың ерлігін айтып, қайтыс болғандардың тума-туысына қайғырып көңіл айтатындарын жеткізді.

Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары екі күндік «Болашаққа жол әрқайсымыздан басталады» семинар-тренингіне қатысты. Дәріс аясында қатысушылар ел дамуына маңызы зор басты құжаттар туралы ойларымен бөлісті. Олардың арасында «Ұлт Жоспары. бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам, «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті» сияқты жобалар.


Экспозициялармен танысу барысында тыңдаушылар тұңғыш Президенттің архивтік құжаттарымен және қызметімен танысты. Семинар қатысушыларының бірі – подполковник Константин Пискунов қазір Қазақстанның тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистранты. Ол Талдықорған қаласындағы десанттық шабуыл батальонының командирі боп қызмет еткен.

– Дәл осы жерде мен бағдарламалық құжаттардың маңызы туралы дәйек келтірілген жауаптар ала алдым. Одан бөлек, экспозициялар Елбасының орасан зор рөлі туралы маңызды ақпарат беріп отыр, – деді К.Пискунов.

Оқудың қорытындысы бойынша әскерилерге атаулы сертификаттар берілді.