«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ: ҚХР-дың ҚАЗІРГІ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕР

20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Бір белдеу – бір жол: ҚХР қазіргі сыртқы экономикалық саясаты» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

0U3A5252

Конференцияның мақсаты – «Жібек жолының экономикалық белдеуі» ірі трансеуразиялық жобасын дамыту және жүзеге асыру бойынша ҚХР-дың пайымы, саяси және экономикалық ұстанымы, сондай-ақ осы бағытта атқарылған жұмыс нәтижелерімен Қазақстан сарапшыларын таныстыру.

Шараны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қолдауымен Елбасы кітапханасының Талдау кешені Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференция барысында (біздің республикада тұңғыш рет) «Бір белдеу – бір жол» стратегиялық бастамасы аясындағы Қытайдың сыртқы экономикалық саясаты мәселелері қарастырылды. Маңызды кездесуге ҚХР жетекші саяси қайраткерлері, ғалымдары мен сарапшылары, біздің елдің мемлекеттік органдары, бизнес құрылымдары, ғылыми институттар мен орталықтар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен студенттер қауымы қатысты.

0U3A5269

Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй конференцияда сөйлеген сөзінде екі ел арасындағы экономикалық және әлеуметтік мүдделерді жалпылай атап өтті.

- Жуырда ғана Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми түрде Ұлт жоспары бағдарламасын ұсынды. Бұл ретте екі елдің де даму стратегиясы өзара тығыз байланысты және олар бірін-бірі толықтырады деуге болады. Жібек жолы экономикалық белдеуін бірлесіп іске асыру арқылы біз ұлттық әл-ауқат мақсатын жүзеге асырамыз, – деді Чжан Ханьхуэй.  

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары Бақытжан Темірболат:

- Орталық Азия үшін «Жібек жолының экономикалық белдеуі» атты Қытай бастамасы жобасының өлшемі терең және жоғары перспективасы бар, бұл тек көліктік-дәліздік жоба ғана емес, бірқатар мемлекеттің, соның ішінде біздің республиканың экономикалық дамуының кешенді жоспары, - деп ерекше атап өтті. Б.Темірболат өз сөзінде «бұл жоба инфрақұрылым, өнеркәсіп, сауда және қызмет салаларындағы көптеген жобаларды біріктіріп, Қытайдың батыс бөлігінің аумағын ғана емес, сондай-ақ Еуразия орталығының дамуы үшін тұрақты және қауіпсіз ортаның қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді.

- Сарапшылар айтқандай, бұл жоба - біздің елдердің экономикалық өсімін ынталандыратын мүмкіндік. «Бай болғың келсе, жол сал» деген қытай мақалы тегін айтылмаған, - деді Бақытжан Темірболат.    

0U3A5347

Конференцияда ҚХР-дың танымал саяси қайраткері, елші У Цзяньминь (Wu Jianmin) баяндама жасады. Ол:

- «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасын қазіргі заманның экономикасы мен геосаяси жағдайы талаптарына сай уақытылы көтерілген, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай қатынастарын жаңа деңгейге шығаратын бастама, - деді.  

ҚХР-дың Коммерция министрлігі жанындағы Халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық академиясының Еуропа секторы меңгерушісінің орынбасары Лю Хуацинь конференцияға қатысушыларға «Жібек жолының экономикалық белдеуі және ХХI ғасырдың теңіз жолдары» атты Тұжырымдаманы және оны іске асырудағы алғашқы нәтижелермен таныстырды.

Қытайдың қазіргі халықаралық қатынастар академиясының (ҚҚХҚА) Орталық Азияны зерттеу бөлімінің меңгерушісі Дин Сяосин қытайлық экономикалық бастаманы іске асырудың қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Баяндамашы Жібек жолының экономикалық белдеуімен байланысты өңірлердегі саяси ахуалдың ушығуына қарамастан,  Қазақстан мен Қытайдың қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестікке қарсы бірлескен әрекеті арқасында жоба мақсаттары табысты жүзеге асатындығына сенім білдірді. «ЖЖЭБ жобасын іске асыру өңір қауіпсіздігінен ажырамайды» деп қорытындылады өз сөзін Дин Сяопин.

0U3A5414

Жобаны іске асырудың энергетикалық аспектілері туралы Қытайдың  Халық университеті жанындағы Халықаралық энергетикалық стратегия орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ван Хайянь айтып берді.

Жобаға қатысушы елдердің энергетикалық ресурсы мен мүмкіндіктеріне талдау жасаған ғалымдар «энергетикалық ынтымақтастық Жібек жолы елдерінің мүдделерінен шығып отыр және ресурстар мен нарықты өзара оң толықтырады» деген сенім білдірді.

Шара қатысушылары қытайлық сарапшыларға ғарыш, инновациялық ақпараттық технологиялар, білім беру салаларына қатысты және Орталық Азияға қытай саясатының перспективасы туралы бірнеше сұрақ қойды. Сонымен қатар, қатысушыларды юаньнің әлемдік валютаға айналуы, Жібек жолы елдерінде заманауи (жүрдек) жолдар салу, альтернативті энергия көздерін пайдаланудағы ынтымақтастық және басқа да көптеген мәселелер қызықтырды.

0U3A54744