Жаңа оқу жылының бірінші күнінде Елбасы кітапханасына Республикалық физика-математика мектебі мен Нұр-Сұлтан қаласындағы №77 мектеп-гимназияның оқушылары келді. Балалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы музейінің көрме залдарында өткен квестке қатысты.
Пандемия кезінде Елбасы кітапханасының көптеген іс-шаралары онлайн форматта өтіп жатыр. Квесттің өзіне балалар виртуалды кеңістік арқылы қатысады.
Алайда ойын қатысушылары білімі мен аналитикалық дағдыларын офлайн жағдайда ғана арттыра алатыны белгілі.
Офлайн режимде өткен «Білім еліне саяхат» квесті жергілікті екі мектептің мықты оқушыларын жинады. Балалар Қазақстан тарихының деректері мен өнер, мәдениет, спорт саласындағы мәліметтерден хабарлығын дәлелдеді.
Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар арасынан бес тапсырманы қысқа уақыттың ішінде толық дұрыс орындап, ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар анықталды. Ақбота Әлирақым, Әлихан Дүйсенғали, Мәдина Сәлімжан, Нұрай Қашқынбаева жеңімпаз атанды.


