Бүгін Беларусь Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары, ішкі әскерлер қолбасшысы Николай Карпенков бастаған делегация Елбасы кітапханасына ат басын бұрды.
Меймандардың назарына Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуынан сыр шертіп, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметін баяндайтын экспозициялар ұсынылды.
Беларусь өкілдері жәдігерлер тарихына зор қызығушылық танытып, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қарулы күштердің, сондай-ақ ұлттық валютаның құрылу тарихына қатысты сұрақ қойды. Н.Карпенков Елбасы кітапханасымузейіндегі ақпаратты ұсынудың заманауи тәсілдеріне жоғары баға беріп, музей саласындамультимедиялық технологияларды қолданудың маңыздылығын атап өтті.
– Қазақстанның Тұңғыш Президенті – егемен елдің іргетасын қалаған ірі көшбасшы.Дүниежүзілік қауіпсіздікті құру мен қоғамды біріктірудің жаһандық идеяларын алға тартқан Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемге сіңірген еңбегі де мол. Мұның бәрі мемлекет өміріндегі тағдыршешті оқиғаларды бейнелейтін архив құжаттарында, фотосуреттерде, бірегей қолжазбалардан айқын байқалады. Бұл материалдар Нұрсұлтан Әбішұлының даму жоспарын суреттеп, оны жүзеге асырудың жолы мен табысты нәтижелерін көрсетеді. Бұл – халық үшін құнды да қымбатдүние, - деді экскурсиядан кейін Беларусь Республикасы ішкі істер министрінің орынбасарыН.Карпенков.
Экскурсия соңында делегация жетекшісіне «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян » кітапбы естелікке тарту етілді.
Беларусь Республикасының әскери қызметкерлері астанаға сапар барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасыатындағы Ұлттық қорғаныс университетін аралап, Әскери басқару орталығының мүмкіндіктерімен, әскери бөлімдердің қызметі мен әскери қалашықтың инфрақұрылымымен танысты.



