2 наурызда сағат 9:30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Талдау кешені «Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздіктің өзекті проблемалары: тегеурінді талаптар мен шешу жолдары» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді.
Шара 2015 жылдың желтоқсан айында құрылған Қазақстан және Ресей сарапшыларының IQ-Клубының жұмысы аясында ұйымдастырылады. Клубтың құрылтайшылары: қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және Ресей тарапынан «Север-Юг» (Мәскеу қ.) саясаттану орталығы мен «Евразия-Поволжье» (Саратов қ.) ақпараттық-талдау орталығы. Аталған сарапшылар клубы барлық мүдделі зерттеушілер мен талдау құрылымдары, сондай-ақ жекелеген сарапшылардың қатысуы үшін ашық. Клубтың басты мақсаты екіжақты негізде сол сияқты интеграциялық құрылым аясында мемлекеттер ынтымақтастығын тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының сарапшылар қауымдастығы қызметін бірлесіп үйлестіру болып табылады.
Бүгінгі таңда Клуб беделді ғалымдар мен сарапшылар ашық пікір алмасатын халықаралық коммуникациялық алаңға айналды. Бұған дейін Мәскеу және Саратов қалаларында Клубтың екі кеңесі өтті. Ал, 2 наурызда Астана қаласында қазақстандық аудитория алдында ММХҚИ, РСМД, ПИР-Орталығы және басқалар сөз сөйлейді.
Казанцев Андрей Анатольевич, саясаттану ғылымдарының докторы, МГИМО халықаралық зерттеулер институтының Талдау орталығының директоры, Jean Monent Fellow, European University Institute, Florence мүшесі. А.А. Казанцевтің қолданбалы талдау және сараптамалық жұмыста бай тәжірибесі бар. Ол Халықаралық гуманитарлық-саясаттану зеттеулер институтында (1998-2000), одан кейін Ресей СІМ МГИМО жұмыс істеген кезінде Орталық Азия жағдайына мониторингпен айналысқан, РФ министрліктері мен ведомстволарына практикалық ұсынымдар әзірлеген, сонымен қатар кейбір халықаралық ұйымдарда (ОДКБ, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы) жұмыс істеген. Ол 60 астам ғылыми және сараптамалық еңбектер авторы. Оның “Большая игра” с неизвестными правилами: мировая политика и Центральная Азия (М.: МГИМО, Наследие Евразии, 2008) монографиясына Ресей саясаттанушылар қауымдастығының 2008 жылдың «Үздік ғылыми еңбегі» номинациясында екінші премия берілді.
Лапенко Марина Владимировна, тарих ғылымдарының кандидаты, «Евразия-Поволжье» ақпараттық-талдау орталығының директоры. 2007 жылдан осы күнге дейін Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің ТМД және Балтық елдерін зерттеу ғылыми-білім беру орталығын басқарады. 2013 жылы «Мастерская евразийских идей» басқармасының құрылтайшылар құрамына еніп, осы күнге дейін аталған басқарманы басқарып келеді. 2014 жылдан «Современные евразийские исследования» ғылыми журналының редактор. 2014 жылдан – «Евразия-Поволжье» ақпараттық-талдау орталығының директоры. Оның ғылыми зерттеу тақырыптарына мыналар: посткеңестік кеңістіктегі халықаралық қатынастарды зерделеу, интеграциялық дамудың қазіргі моделдерін салыстырмалы зерттеу, сондай-ақ ЕЭО аясындағы шекаралас өзара іс-әрекет мәселелері жатады. Ресей және шетелдік ғылыми басылымдарда 50 астам ғылыми еңбектері, 1 ұжымдық монографиясы, ЖОО студенттеріне арналған 5 оқу құралы жарық көрді. Әскери ғылымдар академиясының профессоры, Еуропалық зерттеулер қауымдастығының мүшесі, Central Eurasian Studies Society мүшесі.
Козюлин Вадим Борисович, саясаттану ғылымдарының кандидаты, «ПИР-Центр» халықаралық зерттеулер Ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, Әскери ғылымдар академиясының профессоры. 1990 жылы КСРО СІМ МХҚМИ тәмамдаған. КСРО/РФ СІМ, одан кейін «Московские Новости» газетінің эксклюзивті ақпараттар бөлімінде жұмыс істеген, Ресейдегі «Казспецэкспорт» РМК өкілі болды. 2000-2002 жылдары Бүкілресейлік ішкі сауда академиясында «Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы менеджмент» бағдарламасы бойынша оқыған. ТМД және алыс шет елдердің арнайы экспорттаушы компанияларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. «Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылыққа әсер етуші әскери-техникалық ынтымақтастықтың саяси тетіктерін жетілдіру» тақырыбында диссертация қорғады. Ғылыми тақырыптар саласы: Ресейдің шетел мемлекеттерімен БСЫ, Орталық Азия мен Ауғанстандағы өңірлік тұрақтылық. 1994 жылдан ПИР-орталықтың ғылыми қызметкері.
Алексеенкова Елена Сергеевна, саясаттану ғылымдарының кандидаты, халықаралық істер бойынша Ресей кеңесінің бағдарламалық менеджері. 2008 жылдан осы күнге дейін – Ресей СІМ МХҚМИ Халықаралық зерттеулер институтының жаһандық проблемаларды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, 2009-2010 жылдар – «Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Талдау орталығы» ФММ қызметкері, 2011 жылдан осы күнге дейін – халықаралық істер бойынша Ресей кеңесінің бағдарламалық менеджері. Ғылыми зерттеу тақырыптары: әлеуметтік желілер, халықаралық қатынастар, когнитивті картирлеу, саяси зерттеулер әдістері, саяси коммуникация. Бірқатар ғылыми басылымдар, ұжымдық монографиялар авторы, оның ішінде «Социальные сети в политике» (XX ғасырдағы италян саясаты үлгісінде) (М.: МГИМО-Университет, 2012), «Теория и практика политической коммуникации» (М.: Проспект, 2010) және басқалары.
Аршинов Юрий Евгеньевич, тарих ғылымдарының кандидаты, Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің ТМД және Балтық елдерін зерттеу ғылыми-білім беру орталығы директорының орынбасары. 2011 жылдан осы күнге дейін Ресей-Украина ЖОО-аралық «Политика и образование» орталығының басшысы (Саратов-Запорожье), 2014 жылдан осы күнге дейін «Мастерская евразийских идей» қоры басқармасының мүшесі, 2015 жылдан осы күнге дейін "Қазақстан-Ресей сарапшылары IQ-клубының" баспасөз-хатшысы. Еуразиялық халықаралық зерттеулер қауымдастығының мүшесі. «Социальное измерение перспектив евразийской интеграции в контексте приграничного и регионального сотрудничества России с государствами Центральной Азии» атты жобаның жетекшісі.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бейінді бөлім басшылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Сыртқы Істер министрлігінің және мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылыми-талдау құрылымдарының, дипломатиялық миссия өкілдері, Астана қаласы ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты. Конференция дәстүрге айналған ашық пікірталас форматында өтті, қатысушылар баяндама жасаған сарапшыларға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.