БАС ҚАЛАНЫҢ ЖАСТАРЫ ДЕБАТТА КҮШ СЫНАСТЫ

17-18 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Нұр-Сұлтан қаласындағы Көлік және коммуникация жоғары колледжімен бірлесіп, «Болашақ Қазақстанға» студенттер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен астаналық колледж студенттері арасында жыл сайынғы дебат турнирін өткізді.

16 колледжден 34 команда екі күн бойы пікірталас жүргізе білу: қазақстандық қоғамның қоғамдық-саяси дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады, сыни ойлау, дәлелдер мен айғақтарды іздеу және нақты келтіру, оларға күмәнмен қарау, өз көзқарасын дәлелдеу және проблемаларды шешу жолдарын ұсыну тұрғысынан сайысқа түсті.

Зияткерлік турнирдің қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

I орын – Еуразия гуманитарлық институты жоғары колледжінің «Ұлт ұландары» командасы;

II орын – Жоғары сауда-экономикалық колледжінің «Форбс» командасы;

III – Көлік және коммуникация жоғары колледжінің «Тальго» командасы.

«Астана» халықаралық университеті педагогикалық колледжінің студенті Нұрханым Әшірбек үздік спикер болып танылды.

Турнирдің жеңімпаздары мен төрешілері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.